31.01.2008, 10:11 2768

Бірқатар мұсылман ұйымдары Бішкектің негізгі алаңдарының бірінде мешіт салуды ұсынып отыр

Бірқатар мұсылман ұйымдары Бішкектің негізгі алаңдарының бірінде мешіт салуды ұсынып отыр

Бішкек. 31-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанда бірқатар мұсылман ұйымдары Бішкектің негізгі алаңдарының бірінде - Жеңіс алаңында жаңа мешіт салуды ұсынып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстан саясаттанушыларының қауымдастығына сілтеме жасай отырып.

"Қазір қоғамда айтылып жүрген бұл идеяны жүзеге асыру республиканың зиялы, демократиялық дамуынан бас тарту болып табылар еді", - деп мәлімдеді 30-қаңтар күнгі баспасөз мәслихатында Қырғызстан саясаттанушыларының қауымдастығының басшысы Нұр Омаров.

Оның айтуына сенсек, "бірқатар мұсылман ұйымдары Қырғызстанда ислам мемлекетін құрғылары келеді. Бұл мешіттің құрылысына шетелдерде ондаған миллион долларға дейін бөлуге дайын деген ақпарат бар. 1990-жылдары мұндай жобалар билік қарауына екі мәрте ұсынылған болатын. Алайда екеуінде де ресми Бішкек қарсы болған. Қазір үшінші әрекет жасалғалы жатыр".

Н. Омаровтың айтуынша, мұндай бастамалардың артында ваххабит ұйымдары тұрған көрінеді. Ал Қырғызстанда радикалды ислам топтарының белсенді мүшелерінің қатары өсіп келеді. Тәуелсіз сарапшылардың мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі күні мұндай адамдар саны шамамен 15 мың адам. Олардың саны осыдан бірнеше-ақ жыл бұрын екі мыңға да жетпеген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны