21.01.2010, 15:58 3091

Бішкек - Алматы жолындағы қозғалыс жанданды

Бішкек - Алматы жолындағы қозғалыс жанданды

Бішкек. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Бішкек - Алматы тас жолындағы қозғалыс қайта жанданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің маманы Кылычбек Досумбетовқа сілтеме жасап.

"Қазақстан мен Қырғызстанның төтенше жағдайлар қызметінің бірлескен жұмыстарының нәтижесінде жол тазартылып, 150-ге жуық автокөлік қар құрсауынан шығарылды", - деді К. Досумбетов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20 қаңтарда жол көп жауған қар мен жолдардың көрінбей қалуына байланысты жабылған болатын. Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар департаменті адамдарды тамақтандыру және жылыту бөлімшелерін жасақтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны