17.08.2006, 11:48 2962

Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді

БІШКЕК. 17-тамыз. Kazakhstan Today. 18-23-тамызда Бішкекте "Еуразия - проблемалар және келешек" атты халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстан Жогорку Кенешінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бас қосуға Изербайжан, Ауғанстан, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының парламентшілері қатысады.

Конференция қарсаңында 18-тамызда Қырғызстан Жогорку Кенешінің депутаттары оған келген қонақтармен жүздеседі.

Сондай-ақ, бас қосу барысында екі жақты кездесулер мен Ыстықкөлге сапар ұйымдастырылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны