20.04.2007, 11:26 3257

Бішкекте оппозицияның митингісіне қатысушы алты адам ауруханаға жеткізілді

БІШКЕК. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның астанасындағы оппозицияның митингісін тарату барысында зардап шеккен алты адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қаланың жедел жәрдем станциясының ақпараттарына сілтеме жасай отырып.

Дәрігерлердің айтуынша, митингке қатысушылардың кейбіреулері мас болған. Көптеген адамдар өздеріне алаңда медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ауруханаға барудан бас тартқан.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше 21.00 шамасында милиция Бішкектегі оппозиция шарасына қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен жарық-дабыл гранатасын қолданған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны