11.10.2007, 18:13 2673

Бішкекте Изербайжан елшілігі ашылады

Бішкекте Изербайжан елшілігі ашылады.

Бішкек. 11 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан астанасы Бішкекте Изербайжан елшілігін ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі Қырғызстан СІМ-нің ақпарат бөліміне сілтеме жасап.

"Қырғызстанда Изербайжан елшілігінің ашылу дерегі екі жақты қарыс-қатынастардың деңгейін көтеріп, екі ел арасындағы сауда-экономикалық айналымды арттыру тетігіне айналмақ", - деп мәлімдеді бүгін Қырғызстан СІМ Эднан Қарабаев Изербайжан Республикасының Қырғызстандағы төтенше және өкілетті елшісі Агаев Ариф Агагулы оглымен кездесу барысында.

Дипломат Э. Қарабаевқа сенім грамотасының көшірмесін табыс етті. Агаев Ариф Агагулы оглы Изербайжан Республикасының Қырғызстандағы тұңғыш төтенше және өкілетті елшісі болмақ. Елшілік ғимараты Бішкекте ашылады.

Сұхбат барысында сыртқы істер министрі Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиевтің Изербайжан президентінің шақыруымен жасайтын ресми сапары 2008 жылғы сапарлар кестесіне қамтылатындығын жеткізді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны