20.04.2007, 16:48 3288

Бішкектегі тәртіпсіздіктер дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғалды - Қырғызстан Республикасының ІІМ

БІШКЕК. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Қырғызстанның Бас прокуратурасы 19-сәуірде оппозицияның митингісі барысында болған тәртіпсіздіктер дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы журналистерге Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрі Болотбек Ногойбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИБас прокуратура 19-сәуірде оппозицияның митингісі барысында болған тәртіпсіздіктер дерегіне қатысты қылмыстық іс қозғап, бірнеше біріккен жедел-тергеу топтарын құрдыИ,- деп хабарлады министр.

Б. Ногойбаев, милиция қызметкерлері жас жігіттер тобы күш құрлымыдарының қызметкерлеріне тас лақтыра бастағанда шу шығаратын гранаталар мен көзден жас ағызатын газ қолданғандығын хабарлады. Министрдің айтуынша, құқық қорғау органының бір қызметкері басынан алған соққы салдарынан есінен танып қалған. Қырғызстан Республикасының ішкі істер министрлігінің басшысы топ алдына шығып келіссөз жүргізбек болған, бірақ оған да шабуыл жасалған. ИОлар маған тас атып, мені жыйылған жұрттың арасына алып кетпек болды, меніңше олар мені кепілдікке алмақ болдыИ,- деді министр. ИОсыдан кейін біз саппен шығып, оларды тоқтатпақ болып, шу шығаратын арнайы құрал мен газ пайдалануға мәжүбір болдықИ,- деп түсіндірді Б. Ногойбаев.

Қақтығыс салдарынан милицияның екі қызметкері зардап шеккен. Зардап шеккендер митингке қатысушылар арасында да бар.

ІІМ басшысының айтуынша, алаңнан қуылған жастар топ-тобымен Бішкектің көшелеріне тарап, дүкендердің терезелерін шағып, қарсы кездескен көліктерге шабуыл жасаған. Ол құқық қорғау органдарының қызметкерлері тәртіпсіздік туралы кез-келген хабарға жедел әрекет ететіндігін және де кез-келген қарақшылықтың қатаң жолын кесетіндігін хабарлады.

Министр, тәртіпсіздіктер жауапкершілігін оппозиция митингісін ұйымдастырушыларға жүктеді. ИЕгер олар бой тасалауға әрекет жасайтын болса, біз оларға іздеу жариялаймызИ,- деп қосты ол. Республиканың құқық қорғау органдары оппозиция қызметкерлеріне өздерінің наразылық шараларын жалғастыруға мүмкіндік бермейді, деп атап өтті Б. Ногойбаев. Ішкі істер министрінің пікірінше, митингті ұйымдастырушылар енді адамдарға бақылау қоя алмайды.

Б. Ногойбаев, сондай-ақ Бішкектегі құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін милицияның 3,5 мың қызметкері жұмылдырылғандығын хабарлады.

Оппозиция жетекшісі - Қырғызстан Республикасының экс-премьері Феликс Кулов шұғыл шақырылған баспасөз мәслихатында республика астанасындағы тәртіпсіздіктің жауапкершілігін билікке жүктеді.

Бұрын хабарлағанымыздай, кеше 21.00 шамасында қырғыз милициясы оппозицияның іс-шарасына қатысушыларға қарсы көзден жас ағызатын газ бен шу шығаратын граната қолданған болатын. Осы кезде митингке қатысушылар екіге бөлінген: біріншісі Бішкек көшелерімен бейбіт шеруге шықса, екіншілері Қырғызстанның Үкімет үйінің алдында президент Құрманбек Бакиевтің отставкаға кетуін талап еткен. Осы митинг барысында жиналған жұртшылықтың арасында бір топ жастар жиналып әкімшілік ғимаратын басып алуға үндеу жариялап, милиционерлерге тастар лақтыра бастаған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен митингті ұйымдастырушылардың оларды тәртіпке шақыруы ешқандай нәтиже бермеді. Соның салдарынан күш құрылымдары арнайы құрылғыларды қолдануға мәжүбүр болған. Қырғызстан Республикасының қызметкерлері арнайы құралдарды пайдалана отырып, үш сағат өткеннен кейін алаңды оппозиция жақтастарынан толығымен босатып, митингке қатысушылардың киіз үйлері мен шатырларын алып кеткен.

Митингке қатысушыларды тарату барысында Алатоо алаңындағы кафелер мен дүкендерінің терезелері сынып, айтарлықтай зардап шекті. Алаңнан қуылған жастар қарсы келген көліктерге тас лақтырған. Ірі дүкендер мен сауда орталықтары өткен түнде тонаушылық деректерінің алдын алу мақсатында күзетті күшейткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны