02.07.2008, 19:36 2893

Бішкектің жылу энергоорталығын Азия даму банкі мен Бүкіләлемдік банкінің құрдымға кеткен жобасынан кейін жеке қолдарға сатып жатыр

Бішкектің жылу энергоорталығын Азия даму банкі мен Бүкіләлемдік банкінің құрдымға кеткен жобасынан кейін жеке қолдарға сатып жатыр

Бішкек. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Азия даму банкі мен Бүкіләлемдік банк негізгі донор болған Бішкектің жылу энергоорталығын жетілдіру және электрмен қамтамасыз ету жүйелері мен орталық жылуды қалпына келтіру жобасын құрдымға кетпеді деп есептеу мүмкін емес, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның "Дело №" газетіне сілтеме жасай отырып.

Басылымның хабарлауынша, жобаны жүзеге асыруға 1996 - 2007 жылдардың аралығында кем дегенде 97 млн АҚШ доллары жұмсалған. Оның ішінде Қырғызстанның да қаражаты бар. Ал Бішкектің жылу энергоорталығы сол баяғы 12 жыл бұрынғы қалпында тұр. Қала тұрғындары жылу орталығының ешқандай да жетілдірілгенін көрген жоқ. Сондықтан, жылу энергоорталығы жеке қолдарға сатылып жатыр. Бұл, шенеуніктердің айтуынша, оған жаңа дем бере алады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны