20.07.2006, 18:12 2672

Бішкешкте үшінші халықаралық банк конференциясы өтеді

БІШКЕК. 20 шілде. Kazakhstan Today. 26-29 шілде аралығында Бішкекте "Экономикалық нарықтың жаҺандануында банкаралық ынтымақтастық" атты үшінші халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, аталған шараға алғаш рет Кипр,Ұлыбритания,Швейцария, Қытай елдерінің қаржы институттары мен инвестициялық компания өкілдері қатысады. Конференцияны өткізуге "Euromoney" әлемдік қаржы журналы мен қырғыздың АзияУниверсалБанкі қолдау көрсетеді. Ұйымдастырушылар - Қырғызстанның банктер Одағы мен Мәскеу халықаралық валюта қауымдастығы.

Бішкек халықаралық банк конференциясы 2004 жылдан бері жыл сайын өткізіледі. Өткен жылдары шараға Армения, Белорусия, Қазақстан,Қырғызстан,Латвия, Молдова, Ресей, Украина және АҚШ елдерінен 250 делегат қатысқан болатын.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны