Система Orphus

Биылғы шомылу маусымы басталғалы Маңғыстауда 7 адам қаза тапты

22.07.2019, 19:18 8182

Нұр-Сұлтан. 22 шілде. Kazakhstan Today - Биылғы шомылу маусымы басталғалы Маңғыстауда 7 адам қаза тапты.

Жазатайым оқиғалардың негізгі себептері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан және тыйым салынған жерлерде суға шомылудан туындап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мұрат Мұханов Сейтмолдаұлы мәлімдеді.

Суға шомылу маусымы басталғаннан демалушылардың санының күрт өсетіні белгілі, сәйкесінше жағалау жиегі 1 мың км-ден асатын біздің облыс үшін су объектілерінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ерекше маңызға ие. Осыған орай, шомылу маусымына дайындық кезеңінде адамдардың суда қаза болуын болдырмау және азайту мақсатында Маңғыстау облысы әкімінің (2019 жылғы 03 сәуірдегі № 47) "Маңғыстау облысы халқының 2019 жылғы шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" өкімі әзірленген. Өкімде көрсетілген іс-шаралардың орындалу барысына қалалар мен аудандар әкімдіктері, құқық қорғау органдары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын органдар жұмылдырылған. Деректерге сүйенсек, бүгінгі таңда теңізде 7 адам қаза болды, оның ішінде 2 бала бар. Сондай - ақ құтқарылған 9 адамның 2 -еуі жеткіншектер.

Мамандардың айтуынша, шомылу маусымы басталғанға дейін облыс аумағындағы суға шомылу орындарына түгендеу жүргізіліп, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссияның 10 отырысы өткізілген.

"Су айдындарында орын алып жатқан қайғылы оқиғалардың барлығы демалушылардың тыйым салынған жерлерде шомылуы болып отыр. Түпқараған ауданының төтенше жағдайлар бөлімі әкімдікпен бірлесіп, ведомстволық бағынысты аумақта шомылуға тыйым салатын орындарды анықтау бойынша тиісті ақпараттар даярлаған. Атап айтқанда, "Шора" су арнасы, 64-шақырымдағы "Голубая бухта" және "Саура" аймағы, Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 30 шақырымдағы "Тамшалы", сондай-ақ Форт-Шевченко қаласынан Таушық ауылына қарай 51 шақырымда орналасқан "Сарытас" - аймағы тыйым салынған орындар қатарына енген. Шомылу маусымы басталғаннан бастап Жедел құтқару жасағы (ЖҚЖ) күштері күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылып, қауіпті учаскелерде кезекшілікті жүзеге асыратын мобильдік бекеттер ұйымдастырылған",- деді МО төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Демеуберген Ратбек Қожахметұлы.

Айта кету керек, жағалауларда үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін халықты жұмысқа орналастыру орталығынан 35 қоғамдық-ерікті жасақтың волонтерлері еңбекке тартылып, рейдтер жүргізілген. Рейд барысында ішкі істер органдары 249 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 2,5 млн. теңгеге (2 483 750) әкімшілік айыппұл салынған.

Бүгінде қала және аудан жағалау аймақтарында 30 тыйым салатын белгі және 39 стенд орнатылып, сонымен қатар, "Шора" су арнасындағы стендтер жаңартылып, тағы да 100 метрге қосымша қоршау орнату жұмыстары жүргізілуде.

Айта кету керек, жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінуде. Облыстық білім басқармасымен бірлесіп "Балалардың судағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттық-насихаттау іс - шараларын өткізу жоспары құрылған. "Үкіметтік емес ұйымдар мен ішкі істер органдарының өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі 2019-2022 жылға арналған іс-шаралар жоспарына" сәйкес "Жас Отан", "Эко Маңғыстау" және т.б. сияқты үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, үгіт-профилактикалық рейдтер жүргізілуде. Жастар саясаты орталығымен бірлесе отырып, Каспий теңізінің жағалауында қауіпсіздік шаралары түсіндірілген "Кеңес алаңы" акциясы ұйымдастырылды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны