20.10.2017, 18:45 6411

"Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" фильмі прокатқа шықты

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талгат Теменовтыӊ жаӊа кинотуындысы жалғыздықтыӊ күйін кешіп жүрген балалар үйініӊ 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйініӊ ардагері арасындағы достығы туралы баяндайды.

Алматы. 20 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігініӊ тапсырысы бойынша "Адигул продакшн" кинокомпаниясыныӊ қатысуымен Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ түсірген "Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" көркем фильмі 19 қазаннан бастап прокатқа шықты. Режиссері әрі сценарий авторы - Қазақстанныӊ халық артисі, қазақтыӊ "жаӊа толқын" өкілі - Талғат Теменов.

"Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті" сынды фильмдерімен көрерменге жақсы таныс Талгат Теменовтыӊ жаӊа кинотуындысы жалғыздықтыӊ күйін кешіп жүрген балалар үйініӊ 6-жасар тәрбиеленушісі мен қарттар үйініӊ ардагері арасындағы достығы туралы баяндайды.

Естеріӊізге сала кетсек, "Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" фильмініӊ тұсаукесері (жұмыс атауы "Бибол") үстіміздегі жылы 1 маусымда, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласында өткен болатын. Сонымен қатар, аталмыш кинотуынды қыркүйек айында Ресейде өткен ІІ Халықаралық "Еуразиялық көпір" кинофестивалініӊ негізгі бағдарламасы шеӊберінде көрсетілген еді.

Фильмніӊ түсіру жұмыстары Астанада және Ақмола облысыныӊ Бурабай ауылында өтті. Басты рөлдерді Ануар Толеугажы және ҚР еӊбек сіӊірген қайраткері Төлеубек Аралбай ("Жаужүрек Мыӊ Бала", "Жоюшы", "Тығырықтан жол тапқан") сомдады. Сонымен қатар, фильмге Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыка және драма театрыныӊ (Астана қаласы) актерлері түскен.

Қазақстандықтар "Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" фильмін бүгін - 19 қазаннан бастап еліміздіӊ кинотеатрларынан көре алады. Фильмніӊ прокаты келесі кинотеатрлардан жүргізіледі:

Алматы қаласы:

o Есентай ОСО "Кинопарк"

o Глобус ОСО "Кинопарк"

o Спутник ОСО "Кинопарк"

o Сары-Арқа ОСО "Кинопарк"

o LUMIERA кинотеатры

o Арман кинотеатры

Астана қаласы:

o "Сары-Арқа" ОСО "Кинопарк"

o "Керуен" ОСО "Кинопарк"

Қарағанды қаласы:

o "Саржайлау" кинотеатры

Шымкент қаласы:

o "Мега" ОСО "Кинопарк"

Ақтөбе қаласы:

o "Ақтөбе" кинотеатры

"Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы"

Фильм туралы:"Біздіӊ қаланыӊ ханзадасы" - бұл Бибол есімді ерекше бала мен музыкант Қасымхан есімді қария туралы әсерлі оқиға. Фильмніӊ негізгі желісі - бала мен қарттыӊ кездейсоқ кездесуі болып табылады. Бұл фильмдегі драматизм бір-біріне мүлде бөтен бас кейіпкерлердіӊ соӊында етене жақын болып кетулері. Фильм - адамныӊ адамгершілік қасиеттерініӊ арқасында ғана шын бақытқа жетуге болатынын көрсетеді.

Өндірісі:Ш.Айманов ат. "Қазақфильм" АҚ "Адигул продакшн" ЖШС қатысуымен

Жанры:мелодрама

Режиссері, сценарий авторы: Талғат Теменов

Қоюшы операторы: Андрей Маслов

Қоюшы суретші: Марат Иманберген

Композиторы: Төлеген Мұхамеджанов

Бас продюсері: Ахат Ыбыраев

Рөлдерде: Төлеубек Аралбай,Инуар Төлеуғажы, Лейло Бекназар-Ханинга, Жәния Джуринская,Динара Ибікеева, Қуандық Қыстықбаев және басқалары.

Режиссер туралы:

Теменов Талғат Досымғалиұлы - кинорежиссер, Қазақстанныӊ халық артисі. 1954 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Малыбай ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Құрманғазы атындағы консерваторияны, ал 1986 жылы КСРО Мемлекеттік кино жанындағы сценаристер мен режиссерлар дайындайтын жоғары курсын бітірген (С.Соловьевтыӊ шеберханасы).

Алғашында Талдықорған қаласындағы облыстық драма театрында актер болып шығармашылық жолын бастаған Талғат Теменов,1980 жылы кино өнеріне келіп, режиссер көмекшісі және сценарист болып қызмет атқарады. Мәскеудегі оқуын бітірген соӊ, Т.Теменовөзініӊ сценарийі бойынша екі қысқаметражды фильмдерді - "Қайдасыӊ, Шапай?" және "Торо" картиналарын түсіреді. 1987-1988 жылдар аралығында жас киногер "Мосфильм" киностудиясында ресейлік балалар киносыныӊ атасы Ролан Быковтан дәріс алып,кейін халықтыӊ жоғарғы бағасы мен ықылас-ілттипатына бөленген "Адамдар арасындағы бөлтірік", "Қызғыш құс", "Махаббат бекеті", "Өлімнен кейінгі Казань" атты фильмдерді жарыққа шығарды. Т.Теменов сонымен қатар халыақаралық жоба - "Көшпенділер" фильмініӊ теӊ режиссері. 2011 жылы режиссер "Меніӊ күнәлі періштем" фильмін түсірген.

Анықтама: Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ - көркем, деректі, анимациялық кино өндірісі мен өндірістен кейінгі кезеӊде тұрған өнімдермен (оныӊ ішінде монтаждау, дыбыстау, т.б.) айналысатын Қазақстандағы негізгі кинокомпания. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясыныӊ тарихы 1934 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Алматы кинохроника студиясы құрылды, ал 1941 жылы Алматы көркем фильмдер студиясы деп өзгертіліп, киностудияныӊ өндірістік негізі барынша нығая түсті. 1941 жылы 15 қарашада Алматы киностудиясы Қазақстанға эвакуацияланған "Мосфильм және "Ленфильм" киностудияларымен бірлесіп, Бірлескен Орталық киностудия болып қайта құрылып, Алматыда 1944 жылғы дейін жұмыс істеді. Соғыс жылдары кезеӊінде отандық көркем фильмдердіӊ 80 пайызын аталмыш Орталық киностудия шығарды. 1960 жылы "Қазақфильм" атауына ие болды. 1984 жылы киностудияға ұлттық кинематогрфияныӊ көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтыӊ есімі берілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны