29.01.2018, 17:13 5643

"Бизнеске шектеу жоқ": Ақтөбе облысында бизнеске кедергі келтіретін тосқауылдар жойылады

Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында шағын және орта бизнеске келтіретін кедергілерді жою жұмыстары күшейтілетін болады. Осы мақсатта кәсіпкерлік басқармасы "Атамекен" ҰКП өӊірлік филиалымен және жергілікті бизнес-қауымдастығымен бірлесіп "Бизнеске шектеу жоқ" атты арнайы жоба әзірлеуде.

Ақтөбе. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылы Ақтөбе облысында шағын және орта бизнеске келтіретін кедергілерді жою жұмыстары күшейтілетін болады. Осы мақсатта кәсіпкерлік басқармасы "Атамекен" ҰКП өӊірлік филиалымен және жергілікті бизнес-қауымдастығымен бірлесіп "Бизнеске шектеу жоқ" атты арнайы жоба әзірлеуде.

Облыс әкімдігініӊ кеӊейтілген отырысында өӊір басшысы Бердібек Сапарбаев тиісті тапсырма берді.

"Биыл біз Ақтөбе облысында бизнесті дамытуға кедергі болатын тосқауылдарды жою үшін барлық қажетті шараларды жасаймыз. Қазір біз "Атамекен" ҰКП-мен бірігіп жұмыс жасап, бизнеспен жұмысқа талдау жүргізіп жатырмыз. Барлық уәкілетті бақылаушы және құқық қорғау органдары бизнесті дамытуға кедергі болатын мәселелерді жою үшін мұқият талдау жасауы тиіс. Кәсіпкерлікті дамытудыӊ барлық орталықтары жұмыс істеуі керек", - деді облыс әкімі.

2017 жылғы мағлұматтар бойынша облыста 63,1 мыӊ немесе 104,1%ШОБсубъектісі тіркелді. Олар жалпы сомасы 492,7 млрд. теӊгені құрайтын өнім өндірген. ШОБ-те жұмыспен қамтылған халық саны 135,7 мыӊ адамды құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,8% артық.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны