26.02.2008, 15:38 2888

Бюджет БАҚ бостандығына шектеу қою есебінен толтырылмауы керек -ресей сарапшысы

Бюджет БАҚ бостандығына шектеу қою есебінен толтырылмауы керек -ресей сарапшысы

Астана. 26 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Бюджет БАҚ бостандығына шектеу қою есебінен толтырылмауы керек. Мұндай пікірді бүгін "БАҚ саласындағы Қазақстан заңнамасы-бүгінгі күні мен болашағы" атты дөңгелек үстелінде Ресей Федерациясының ақпараттық құқық мәселелері жөнінде институтының директоры Андрей Рихтер білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Бюджет бұқаралық ақпарат құралдарының бостандығына шектеу қою есебінен толтырылмауы керек ", - деп мәлімдеді А. Рихтер.

А. Рихтердің айтуынша, мәселе Қазақсанда БАҚ тіркеу құнында немесе оның тіркеу процедурасы төңірегінен бұрын, " бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу оларды кейін жауапқа тартып немесе елде қандай БАҚ құралдарының барын және олардың санын біліп отыру үшін енгізілгені жөнінде ", - деп түсіндірді А. Рихтер.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда мемлекеттік тілге тиімді қолдау көрсетуге болады. Ресей сарапшысының айтуынша, ҚР мемлекеттік тапсырыс тәжірибесі жақсы жолға қойылған. "Қазақ тілінде шығатын қазақстан өнімін шығаруды қолға алу тәжірибесін неге қолданбасқа", - деп ойымен бөлісті А. Рихтер.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының ақпараттық құқық мәселелері жөнінде институты директорының айтуынша мемлекеттік тілді қолдау басқа халықтар тілдеріне зиянын келтірмеуі керек. "Қазақ тілін қолдау үшін басқа тілдерге шектеу жасалу міндет пе ?", - деп атап өтті А. Рихтер.

"Қазақстан конституциясы -адам бостандығы мен құқығын қамтамасыз ететін нұсқа деуге болады ", - деп мәлімдеді А. Рихтер, - "оны орындау қажет, өйткені онда азаматтардың құқығы мен бостандығы жазылған".

А. Рихтер атап өткеніндей, Қазақстан Конституциясы халықаралық талаптарға сай келеді, сондықтан ол үшін "басқа халықаралық заңнамаларын дәлел ретінде келтірудің қажеті жоқ, ол үшін Қазақстан Республикасының Конституциясын оқу керек ", - деп қорытындылады А. Рихтер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны