01.04.2008, 18:18 3611

БҚО 2007 жылы 11 мың жұмыс орны құрылды

БҚО 2007 жылы 11 мың жұмыс орны құрылды

Орал. 1 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында былтырғы жылы 11 мың жұмыс орны тіркелді, деп хабарлайды агенттік "Приуралье" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Былтырғы жылы облыста экономиканың барлық салалары бойынша 11 мың жаңа жұмыс орны құрылып, жұмыссыздықтың деңгейі айтарлықтай төмендетілді. 2007 жылы департаментке 12 мың жұмыссыз арыз тапсырып, оның 87 пайызы жұмыспен қамтамасыз етілді", - деп мәлімдеді әлеуметтік бағдарламалар мен еңбекпен қамтамасыз етуді үйлестіру жөніндегі департамент директоры Табылғали Сапаров.

Ол атап өткеніндей, департамент адамдарды еңбекпен қамтамасыз етумен қатар, мамандарды қайта даярлау, кәсіби оқытумен айналысады. Бұл мақсаттарға былтырғы жылы облыс бюджетінен 40 млн теңге бөлінді. Бір жарым мың адам оқытылып, олардың тең жартысы мамандықтары бойынша жұмыс істеуде.

Облыс бойынша мүгедектер саны биылғы жылдың қаңтар айында 22 882 жетті. "Мүгедектер санының ұлғаюына денсаулыққа зиянды және қауіпті еңбек ету орындары, өндірістік тосын оқиғалар, кедейшілік, жолдарда көбейген апатты оқиғалар әсерін тигізеді. Сондай-ақ, оған "Капустин Яр" және "Азғыр" сынақ полигондарына жақын жатқан бірқатар аудандарындағы экологиялық жағдай да адамдардың денсаулығына зиянын келтіріп, олардың арасында онкологиялық аурулардың ұлғаюына септігін тизігуде", - деп атап өтті Т. Сапаров.

Ол атап өткеніндей, әлеуметтік бағдарламаларға сәйкес департамент жыл сайын мүгедектерді еңбекпен қамтамасыз етіп отырады. Нарықта бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру үшін олар арнайы кәсіби қайта оқыту курстарын өтіп отырады.

Бүгінгі кезде облыста әлеуметтік -экономикалық жағдайды жақсарту үшін бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Т. Сапаровтың мәліметтері бойынша өткен жылы БҚО кедейшілік деңгейінен төмен тұратын 15 мың адам тіркелді. 2007 жылдан бастап 4 мың отбасы арнайы әлеуметтік көмек ала бастады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны