13.12.2007, 18:35 3161

БҚО 2008 жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінеді

БҚО 2008 жылы әлеуметтік нысандардың құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд теңге бөлінеді

Орал.13 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік нысандардың құрылысына республикалық бюджеттен 17 млрд 158 млн теңге бөлінді. Бұл туралы облыстық мәслихатының сессиясы алдында БҚО әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Облыста үш мектептің құрылысы, 7- ықшам ауданында 280 орынды балабақшасы салынады. Сондай-ақ, екі емхана және төрт аурухана ғимаратын тұрғызу жоспарлануда", - деп хабарлады Б. Ізмұхамбетов.

Оның сөздеріне қарағанда, осы қаржыға облыстың 9 ауданында 11 су құбыры пайдаланылуға беріліп, суды тазалайтын төрт қондырғы орнатылады. "Бұл облыстағы 118 елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз етеді", -деп атап өтті облыс басшысы.

Облыс әкімінің айтуынша, Оралдағы элиталық ауданының айналма канализациялық коллекторының құрылысын салу жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны