08.02.2012, 13:01 3185

БҚО бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды

7-ақпан күні 17.00-ден бастап Чапаев-Атырау, Чапаев-Қазталов, Жәнібек бағыттары бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылса, 20.00-ден бастап Жымпиты-Ақтөбе жолы жабылды.

Орал. 8-ақпан. Kazakhstan Today - БҚО бірқатар республикалық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің БҚО жол полициясы басқармасының маман-инспекторы Айжол Ералиевтің хабарламасына сілтеме жасай отырып хабарлауынша, 7-ақпан күні 17.00-ден бастап Чапаев-Атырау, Чапаев-Қазталов, Жәнібек бағыттары бойынша көлік қозғалысына шектеу қойылса, 20.00-ден бастап Жымпиты-Ақтөбе жолы жабылды.

Сондай-ақ 8 ақпан күні кешкісін көршілес Саратов облысында да күрделі жағдайға байланысты жол қозғалысының шектелгені жөнінде хабар түсті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны