10.07.2014, 19:24 6285

БҚО-да әскери қызметкерлердің арасында қазақ тілі бойынша байқау өтті

Оралда әскери қызметтегі түрлі ұлт өкілдері арасында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты байқау өтті.

Алматы. 10 шілде. Kazakhstan today. Оралда әскери қызметтегі түрлі ұлт өкілдері арасында "Мемлекеттік тіл - менің тілім" атты байқау өтті.

Облыс әкімдігінен хабарлағандай, қатысушылар төрт номинация бойынша өзара сайысқа түскен. Олар өздері туралы әңгімелеп, тарихи шығармаларда және қазақ ақындарының өлеңдерінен үзінділерді жатқа оқыған. Тіпті, театрландырылған қойылымға қатысып, сахнада импровизация жасаған.

"Мұндай байқау бізде жыл сайын өткізіледі. Оның басты мақсаты әскери бөлімдердегі мамандардың тіл білімін нығайту, өзге ұлт өкілдерінің арасында оны насихаттау", - деді полковник Берік Омаров.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны