02.02.2015, 14:57 3729

БҚО-да газ құбырындағы өрт салдарынан 12 елді мекен газсыз қалды

Осы оқиға салдарынан барлығы 12 елді мекен газсыз қалып отыр. Соныӊ ішінде Зеленов ауданында әлеуметтік мекемелерге қоса 3444 абонент, 11855 адам "көгілдір отынды" тұтына алмауда. Сол сияқты көршілес Тасқала ауданыныӊ үш бірдей ауылында да осындай жағдай орын алды.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін таӊғы сағат 04.08-де Зеленов ауданы Белес пен Переметный ауылдары ортасында "ИнтерГазОрталықАзия" АҚ Орал магистральды газ құбырлары басқармасына қарасты диаметрі 1200 мм жоғары қысымды газ құбырында өрт болғаны жөнінде БҚО ТЖ департаментіне хабар түскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Департаменттен алынған мәліметке қарағанда, сағат 09.53-те өрт сөндірілді. Қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Осы оқиға салдарынан барлығы 12 елді мекен газсыз қалып отыр. Соныӊ ішінде Зеленов ауданында әлеуметтік мекемелерге қоса 3444 абонент, 11855 адам "көгілдір отынды" тұтына алмауда. Сол сияқты көршілес Тасқала ауданыныӊ үш бірдей ауылында да осындай жағдай орын алды.

Зеленов ауданында кешкісін, Тасқалада түске қарай газға қосу жоспарлануда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны