06.02.2013, 15:41 3255

БҚО-да жолаушылар маршруттары субсидияланады

Депутаттар Орал қаласының әлеуметтік маңызды автобус маршруттарыың тізімін анықтау бойынша мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, облыс аудандарына тұрақты түрде жолаушыларды тасымалдауға тариф белгіленді.

Астана. 6-ақпан. Kazakhstan Today - Облыстық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында әлеуметтік маңызды автобус маршруттарын субсидиялау туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы БҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Депутаттар Орал қаласының әлеуметтік маңызды автобус маршруттарыың тізімін анықтау бойынша мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ, облыс аудандарына тұрақты түрде жолаушыларды тасымалдауға тариф белгіленді.

"Қалада 50 автобус маршруты бар, оның 14-і саяжайға қатынасуға арналған. Олар тек жазда қызмет көрсеткендіктен, шығыны көп болып табылады. Оларды әлеуметтік маңызды деп танып, тасымалдаушылардың шығындарын өтеу бойынша мемлекеттік субсидиялауды пайдалану туралы шешім қабылданды", - деп хабарлады облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы Нұрлан Бекқайыр.

Бюджеттік субсидиялар екі өзен саяжайлар маршруттарына бөлінеді.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының ақпараты бойынша, 12 автобус маршрутынан аудандық орталықтарға тағы 4 маршрутты іске қосу көзделіп отыр. Олар жұмыстарын осы жылы бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны