28.05.2018, 21:00 8572

"Бозторғай" байқауы - Халықаралық фестивальдер мен конкурстардыӊ дүниежүзілік федерациясыныӊ мүшесі

Ир лауреат немесе дипломант тағдыры бақыланып отырады, "Бозторғай" конкурсыныӊ Халықаралық фестивальдер мен конкурстардыӊ дүниежүзілік федерациясы қатарына енгендігі арқасында Қазақстанныӊ дарынды балалары Халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысудыӊ ерекше мүмкіндігін алады

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan Today - "Бозторғай" байқауы Халықаралық фестивальдер мен конкурстардыӊ дүниежүзілік федерациясыныӊ мүшесі болып табылады. Бұл туралы Алматы қаласы Өӊірлік коммуникациялар қызметініӊ алаӊында мәлімделді.

"Ир лауреат немесе дипломант тағдыры бақыланып отырады, "Бозторғай" конкурсыныӊ Халықаралық фестивальдер мен конкурстардыӊ дүниежүзілік федерациясы қатарына енгендігі арқасында Қазақстанныӊ дарынды балалары Халықаралық фестивальдер мен конкурстарға қатысудыӊ ерекше мүмкіндігін алады",-дейді "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық байқауыныӊ директоры Қ.Ибдікәрімова.

Міне сондай қатысулар барысында еліміздіӊ балалары керемет нәтижелерге жетуде: АҚШ-та, Болғарияда, Латвияда, Литвада, Эстонияда, Ресейде, Белоруссияда, Түркменстанда, Тәджікстанда, Германияда, Кореяда, Польшада, Түркияда, Италияда, Португалияда, Чехияда, Францияда және Испанияда жеӊіп алған гран-при және жүлделі орындар бұдан хабар береді.

Конкрус өткізіліп отырған жылдар ішінде дарынды әрі өнерлі балаларды анықтау және дамыту бағытында көптеген жұмыс жасалды. Бұл жұмыс бір кезеӊдік жұмыс емес екендігін айта кету қажет, ол осы жылдар бойы жоспарлы түрде әрдайым жасалып келген әрекет.

Биылғы "Бозторғай" балалар шығармашылығы халықаралық конкурсыныӊ өткізілу тәртібі:

Алматы қаласыныӊ демалыс саябағында:

29, 30, 31 мамыр - конкурстық орындау - 10.00-12.30 және 14.00-20.00-ге дейін;

1 маусым - лауреаттарды марапаттау және гала-концерт, Алматы қаласыныӊ демалыс саябағында, сағат 13.00-де.

"Алматы тұрғындары мен қала қонақтарын конкурстық орындауларға және Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған үлкен мейрамды гала-концертке шақырамыз,-деді Қ.Ибдікәрімова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны