28.01.2013, 13:59 3144

Бразилияда үш күндік аза тұту күні жарияланды

Сонымен қатар, Риу-Гранди-ду-Сул штатының губернаторы бір апталық, ал Санта-Мария қаласының мэрі 30 күндік қаралы күн жариялаған.

Астана. 28-қаңтар. Kazakhstan Today - Бразилия президенті Дилма Руссефф 27-ші қаңтарда Риу-Гранди-ду-Сул штаты Санта-Мария қаласындағы Kiss түнгі клубында болған өрттен екі жүзден аса адамның қаза болуына байланысты үш күндік аза тұту күнін жариялады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Лента.Ру бразилиялық Globo басылымына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Сонымен қатар, Риу-Гранди-ду-Сул штатының губернаторы бір апталық, ал Санта-Мария қаласының мэрі 30 күндік қаралы күн жариялаған.

Соңғы мәліметтерге қарағанда, түнгі клубтағы өрттің салдарынан 233 адам қаза тапқан, олардың 120-ы ер адам, ал 113-і әйелдер. Изірге 185 адамның мәйіті танылған.

Өрт салдарынан кем дегенде 130 адам жарақат алды. Олардың 90-ы госпиталде жатыр. Көбіне иіс тиген, сонымен қатар күйік шалғандар да бар.

Өрттен кейін Аргентинаның INCUCAI трансплантология орталығы күйік шалғандар үшін донорлық тері түрінде көмек көрсететінін мәлімдеді.

Kiss клубындағы өрт 27-ші қаңтарға қараған түні, сағат 2-нің шамасында басталған. Ол кезде ғимаратта мың жарымдай адам болыпты, көбі концерт тамашалауға келген жергілікті университеттің студенттері. Өрт пиротехникалық шоу кезінде басталған, алдымен ұшқын тиген ту өртеніпті.

Изірге өрттің шығу себептері туралы ресми хабарлама жасалған жоқ. Алдын ала болжамға қарағанда, ғимаратта өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған. Кейбір деректерге қарағанда клуб өткен жылдың тамыз айынан бері лицензиясыз жұмыс істеп келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны