09.02.2012, 17:23 3861

БТА банкінің сайтына DDOS шабуылы жалғасуда

"БТА Банк" АҚ Банктің корпоративтік сайтына DDOS-шабуылдау жалғасып жатқанын хабарлайды. Соған байланысты сайт пен интернет-банкинг жүйесінің жұмысы тұрақсыз болуы мүмкін", - делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Астана. 9-ақпан. Kazakhstan Today - БТА банкінің сайтына DDOS шабуылы жалғасуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, БТА банкінің корпоративтік сайтына таяуда басталған DDOS-шабуыл жалғасуда.

"БТА Банк" АҚ Банктің корпоративтік сайтына DDOS-шабуылдау жалғасып жатқанын хабарлайды. Соған байланысты сайт пен интернет-банкинг жүйесінің жұмысы тұрақсыз болуы мүмкін", - делінген бейсенбі күні таратылған хабарламада.

Банк уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім өтініп, таяу уақытта интернет-қордың жұмысын қалпына келтіруге уәде береді.

Еске сала кетейік, 7 ақпанда банктің корпоративтік сайты DDOS-шабуылға ұшырады. Соған байланысты Банк басшылығы қауіпсіздікті сақтау мақсатында сайт жұмысын қысқа мерзімге тоқтата тұруға шешім қабылдады. Қазір сайт жұмыс істемей тұр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны