14.08.2009, 14:17 2956

"БТА Банктің" бұрынғы топ-менеджерін Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарау кейінге шегерілді - газет

"БТА Банктің" бұрынғы топ-менеджерін Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарау кейінге шегерілді - газет

Алматы. 14 тамыз. Kazakhstan Today - "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрайымы Вероника Ефимованы Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарау Еуропалық адам құқықтары жөніндегі соттың нұсқауымен кейінге шегерілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today "КоммерсантЪ" ("Ъ") газетіне сілтеме жасап.

"Ресей өкіметі Еуропалық адам құқықтары жөніндегі соттың нұсқауымен "БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрайымы Вероника Ефимованы Ресей Федерациясынан Қазақстанға экстрадициялау мәселесін қарауды кейінге шегерді,- деп жазады басылым. Мақалада атап көрсетілгеніндей, В. Ефимова "БТА Банктің" бұрынғы директорлары кеңесінің төрағасы Мұхтар Аблязовпен және банктің басқа да бұрынғы басшыларымен бірге "несиелерге қатысты қитұрқылық әрекеттерге барды деп айыпталуда", ал әйелдің өзі болса "саяси қуғындауға душар болғанын" алға тартып, "Ресейден босқын мәртебесін" сұрап отыр.

"Қылмыстық істің басты фигуранттары Мұхтар Аблязов пен Роман Солодченко ("БТА Банктің" бұрынғы басқарма төрағасы) Лондонда бой жасырып жүр, қазір Қазақстан үкіметі оларды сол жақтан экстрадициялауға әрекет жасауда. Ал олардың қарамағында болған Вероника Ефимова Ресейге келген, ол жерде әйел, оның адвокаттарының айтуынша, босқын мәртебесін алудан үміттенген. Оның ұсталуы осы мәртебені рәсімдеуге кедергі келтірді", - деп жазады басылым.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны