11.09.2015, 08:47 4434

Бүгін еліміздіӊ басым аумағында күн ыстық болады

Республиканыӊ солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздіӊ қалған аумағында күн ашық болады

Алматы. 11 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Республиканыӊ солтүстік-батысында, солтүстігі мен орталығында атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен жаӊбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді. Еліміздіӊ қалған аумағында күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, Жамбыл, Батыс Қазақстан, түнде Алматы, күніз Оӊтүстік Қазақстан, Маӊғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан өӊірінде кей бөліктерде желдіӊ жылдамдығы 15-22 м/с-ке дейін барады, тұман түседі, бұршақ жаууы мүмкін. Ақмола және Қостанай облыстарында кей жерлерде жел соғып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз Шығыс Қазақст ан облысында аптап ыстық күтілуде. Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды өӊірлерінде кей бөліктерде төтенше жоғары өрт қаупі сақталады, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны