13.04.2015, 10:24 3983

Бүгін еліміздіӊ басым бөлігінде жаӊбыр жауады

Қазақстанныӊ батысы мен солтүстік-батысында күн ашық болады, ал еліміздіӊ қалған бөлігінде атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде жаӊбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді

Алматы. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанныӊ батысы мен солтүстік-батысында күн ашық болады, ал еліміздіӊ қалған бөлігінде атмосфералық ағымдардыӊ өтуінен кей жерлерде жаӊбыр жауып, тұман түседі, жел күшейеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазгидрометтіӊ мәліметінше, республиканыӊ оӊтүстігінде, оӊтүстік-шығысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды.

"Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда, Оӊтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде найзағай жарқылдап, желдіӊ жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді деп күтілуде. Жамбыл облысында күндіз найзағай жарқылдап, кей жерлерде жел соғады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны