17.02.2012, 11:52 3605

Бүгін еліміздің солтүстігінде күн ашық болады

"Қазгидромет" РМК болжамына сүйенсек, жұма күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн ашық болады, ал оңтүстікте жауын-шашынды болады, деп күтілуде.

Астана. 17-ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін еліміздің солтүстігінде күн ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазгидромет" РМК болжамына сүйенсек, жұма күні Қазақстанның солтүстік аймақтарында күн ашық болады, ал оңтүстікте жауын-шашынды болады, деп күтілуде.

Сондай-ақ, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 метр/сек жел соғады.

Жамбыл облысының кей аудандарында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді, тұман, көктайғақ болады.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында да күшті жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман. Жалаңашкөл бекеті аумағында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге, кей жерлерде 27 метрге дейін жетуі ықтимал.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны