08.04.2011, 13:55 4087

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады

Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында ауа райы жылы, жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 8 сәуір күні Қазақстанның басым аумағының ауа райын жоғары қысымды аумақ анықтап, күн райы жауын-шашынсыз болады деп болжануда.

Республиканың батысы мен солтүстік-батысында атмосфералық ағымдардың ығысуымен жауын-шашындар мен күшті жел болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, бүгін Атырау, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, оның екпіні секундына 15-20 метрді құрайтын болады. Қостанай облысының жекелеген аумақтарында - тұман, 15-20 м/с екпінде жел күтілуде. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ тұманды, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан, түнде Қарағанды және Павлодар облыстарының жекелеген өңірлерінде тұман түседі. Ақмола облысында тұманмен бірге көктайғақ болады деп болжануда.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысында күндіз найзағай ойнап, 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желге шаңды дауыл араласады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны