19.10.2011, 12:40 3444

Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады

19 қазан күні елдің шығыс бөлігімен атмосфералық ағым бөліктерінің ығысуынан жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, ұйытқыма желдер соғады. Қазақстанның батысында күн райы жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Астана. 19-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, күшті жел соғады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, сәрсенбі, 19 қазан күні елдің шығыс бөлігімен атмосфералық ағым бөліктерінің ығысуынан жекелеген жерлерде жаңбыр жауып, ұйытқыма желдер соғады. Қазақстанның батысында күн райы жауын-шашынсыз өтеді деп күтілуде.

Атап айтқанда, Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Жамбыл облыстарының кей аумақтарында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын желге шаңды дауыл араласады. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстарында түнде және таңертең тұман күтілуде.

Гидрометеорологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте елдің таулы өзендерінде су көлемінің аздаған ауытқуы байқалады. Қазақстанның солтүстігіндегі сулы нысандарында су беті біртіндеп суи бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны