04.05.2011, 12:00 3259

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 4 мамыр күні республиканың басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклон анықтайды, сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күшті желдер тұруы ықтимал. Қазақстанның тек шығысы мен оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады.

Астана. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 4 мамыр күні республиканың басым аумағының ауа райын атмосфералық ағымдармен байланысты циклон анықтайды, сондықтан жекелеген жерлерде жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күшті желдер тұруы ықтимал. Қазақстанның тек шығысы мен оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей аумақтарында 15-20 м/с жылдамдықта жел тұрады, Қызылорда облысында оған шаңды дауыл араласады. Ал Маңғыстау облысында бүгін тұманды.

Гидрологиялық болжамдарға сәйкес, алдағы тәулікте Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысы тауларындағы жекелеген өзендерде су көлемінің артуы күтілуде. Ал Жайық өзенінің Атырау облысының маңынан ағып өтетін тұсында, Солтүстік Қазақстан облысындағы Есіл өзенінде су деңгейінің байыппен көтерілуі жалғасады, тасқындар мен су басу жағдайлары күтіліп отырған жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны