15.09.2016, 09:02 2949

Бүгін Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ Ордабасы ауданында "Тәуелсіздік тірегім, Мәӊгілік Ел мұратым" атты мерекелік концерт өткізіледі

Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мәдениет және өнер мекемелерінде 12-18 қыркүйек аралығында өтетін апталық іс-шаралардыӊ тізбесі жарияланды.

Шымкент. 15 қыркүйек. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ мәдениет және өнер мекемелерінде 12-18 қыркүйек аралығында өтетін апталық іс-шаралардыӊ тізбесі жарияланды. Солардыӊ ішінен 15 қыркүйекте өтетін бірқатар іс-шаралардыӊ аӊдатпасын ұсынамыз:

Атап айтсақ, 15 қыркүйек сағат 15.00-де Облыстық тарихи-өлкетану музейінде

8-қыркүйектегі Отбасы күніне орай "Ынтымақты отбасы" атты бала-бақша бүлдіршіндері мен қалалық жалпы орта мектеп оқушыларыныӊ сурет көрмесі өтеді.

15 қыркүйек сағат 11.00-де Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасында

18-23 қыркүйек - ҚР Халықтарыныӊ тілдері күніне орай "Шындығым, шыным - өзімніӊ тілім!" атты оқырмандар арасында сайыс өтеді деп жоспарланған.

Сондай-ақ, 15 қыркүйек сағат 11.00-де Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейінде

Қазақстан халықтарыныӊ тілдері күніне орай, "Тіл тірегі - ел тірегі" атты көрме ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, 15 қыркүйекте Арыс қаласыныӊ музейінде "Дін - мемлекет тұтастығы" атты дөӊгелек үстел өтеді деп көзделуде.

15 қыркүйек сағат 11.00-де Төлеби ауданыныӊ музейінде Халық ақыны Қазанғап Байболұлыныӊ 125 жылдығына орай "Қазанғап мұрасыныӊ жанашыры" атты тақырыпта іс-шара өткізіледі.

15 қыркүйек сағат 16.00-де Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейінде

ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай "Тәуелсіздік тұғырым" атты көрме ашылады.

15 қыркүйек сағат 11.00-де "Отырар" облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында

Қазақстан халықтарыныӊ тілдері күніне орай "Тілім меніӊ - тірлігімніӊ айнасы" атты интерактивті зияткерлік ойын ұйымдастырылмақшы.

Сондай-ақ, 15 қыркүйек сағат 16.00 -де Бәйдібек аудандық сәулет-көркем музейінде

"Илем. ХХІ ғасыр" манифесі " Қазақстан саммиті құптарлық идея" атты дөӊгелек үстел өтеді деп көзделген.

15 қыркүйек сағат 17.00-де №19 колледжінде 22 қыркүйек - Қазақстан халқы тілдері күніне орай "Ана тілім - қасиетім ардағым" атты әдеби-сазды кеш ұйымдастырылады.

15 қыркүйек сағат 11.00-де Майдантал ауылында "Көзден кетсе де көӊілден кетпес" атты мемлекет және қоғам қайраткері Н.Д.Оӊдасыновтыӊ жәдігерлерін насихаттау мақсатында көшпелі көрме өтеді.

15 қыркүйек сағат 12.00-де ОҚО Көлік және коммуникациялар, жаӊа технологиялар колледжінде Дін мен Дәстүр сабақтастығы туралы "Дәстүрдіӊ озығы бар ..." тақырыбында лекция өтеді.

15.09.2016ж. сағат 09.00-де Қазығұрт аудандық музейінде ҚР Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған "Тәуелсіз Қазақ елі" атты көрме ұйымдастырылады.

15 қыркүйек сағат 17.00-де Ордабасы ауданында "Тәуелсіздік тірегім, Мәӊгілік Ел мұратым" атты мерекелік концерт өткізіледі.

Тізбені мына сілтемеден табуға болады: http://ontustik.gov.kz/ru/node/14011

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны