31.07.2013, 09:07 6111

Бүгін республиканың басым аумағында ауа райы ашық болады

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел және шаңды дауыл соғады.

Астана. 31-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін республиканың басым аумағында ауа райы ашық болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, бүгін республиканың басым аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, екпінді жел және шаңды дауыл соғады.

"СҚО, ШҚО, Ақмола, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең тұман түседі, Шығыс Қазақстанда күндіз жел күші 15-20 м/с жетеді. ОҚО, БҚО, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында шаңды дауыл соғады", - делінген ақпаратта.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, ОҚО, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды. Еліміздің солтүстік-батысы, орталығы, оңтүстігі, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны