07.05.2012, 13:59 3048

Бүгін В.Путин Ресей Президенті лауазымына ресми түрде кіріседі

ХХI ғасырдағы 59 жастағы ең беделді ресейлік саясаткер 4 наурызда өткен президент сайлауының алғашқы турында-ақ сайлаушылардың 63% дауысын жинап, Ресейдің 46 жастағы үшінші Президенті Дмитрий Медведевтің Кремлдегі орнын басқан болатын.

Мәскеу. 7-мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін В.Путин Ресей Президенті лауазымына ресми түрде кіріседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, ХХI ғасырдағы 59 жастағы ең беделді ресейлік саясаткер 4 наурызда өткен президент сайлауының алғашқы турында-ақ сайлаушылардың 63% дауысын жинап, Ресейдің 46 жастағы үшінші Президенті Дмитрий Медведевтің Кремлдегі орнын басқан болатын.

Сайып келгенде, 2000-2008 жылдары елдің жоғарғы мемлекеттік лауазымын екі мерзім қатарынан атқарған Путин Ресейдің екінші және төртінші президенті атанбақ. Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес президенттік өкілеттіліктің алғашқы мерзімі алты жылды құрайды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

Билікті қазіргі президенттен жаңадан сайланған президентке беру салтанаты Үлкен Кремл сарайының Андреев залында дәл түс кезінде басталады.

Жаңадан сайланған Президентті мұнда қазіргі мемлекет басшысы, парламенттің қос палата спикері және Конституциялық соттың төрағасы күтіп алады.

Сайланған Мемлекет басшысы Конституцияға оң қолын қойып, ант қабылдайды, содан кейін Конституциялық соттың төрағасы ол Ресейдің жаңа президенті лауазымына кіріскені туралы жариялайды.

Еске сала кетейік, салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шақырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны