29.12.2011, 12:36 3274

Бүгінде Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі өсіп келеді

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасында қарастырылған шаралардың аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік артып отыр.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгінде Қазақстанда жоғары технологиялық медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігі өсіп келеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, "Саламатты Қазақстан" бағдарламасында қарастырылған шаралардың аясында елімізде жоғары технологиялық медициналық көмекке деген қолжетімділік артып отыр.

Ағымдағы жылы 98 осындай күрделі операция жасалды.

Атап айтқанда, 2011 жылы тірі донорлардан бүйрек алып салудың 13 операциясы жасалған (2009 жылы - 4 операция), жұлын миын аутологиялық трансплантациялаудың 7 операциясы, аорта тамырларын эндопротездеудің 6 операциясы жүзеге асырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны