06.05.2008, 17:56 6155

Бүкіл әлемдегі 854 млн адам ұзақ уақытқа созылған аштықтан зардап шегіп отыр - БҰҰ

Бүкіл әлемдегі 854 млн адам ұзақ уақытқа созылған аштықтан зардап шегіп отыр - БҰҰ

Алматы. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Бүкіл әлемдегі 854 млн адам ұзақ уақытқа созылған аштықтан зардап шегіп отыр. Бұл мәлімет Біріккен Ұлттар Ұйымының ауыл шаруашылық жөніндегі бас хатшысының жаңа баяндамасында келтірілген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасай отырып.

Баяндамада көрсетілгендей, ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісінің үздіксіз өсуіне қарамастан дүниежүзіндегі 854 млн адам ұзақ уақытқа созылған аштықтан зардап шегуде. Оның 820 миллионы дамушы елдерде, 25 млн адам өтпелі экономика елдерінде және 9 млн адам өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде тұрады.

Баяндама БҰҰ-ның тұрақты даму жөніндегі комиссиясының 16-сессиясының қатысушыларының талқылауына ұсынылды. Ол өз жұмысын БҰҰ-ның Нью-Йорктегі штаб-пәтерінде 5 мамырда бастаған және 16 мамырға дейін жалғасады. БҰҰ-на мүше мемлекеттерден және үкіметтік емес ұйымдардан жиналған делегаттар ауыл шаруашылығын дамыту әлеуетін қарастырады. Олар сондай-ақ, құрғақшылықпен және шөл басумен күрес жолдарын талқылайды.

Кездесудің ашылуында сөз алған бас хатшының экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Ша Цзукан кедейшілікпен күрестегі 1990 жылдан кейін, әсіресе, Азияда қол жеткізілген жаһандық ілгерілеушілікке қарамастан кедейшілік әлемде әлі де алшаң басып жүргенін және негізінен ауылдық жерлерді қамтығанын атап өтті. Қазіргі азық-түлік дағдарысы әлемдегі кедейшілік, аштық және тойып тамақ жемеу ауқымының кеңею қаупін тудырып отырғандықтан Ш. Цзукан соңғы бес жылда, әсіресе соңғы айлар мен апталарда әлемдік азық-түлік бағасы кент артып кеткеніне назар аударды. Мысал ретінде ол соңғы бес аптада күріш бағасы екі еселенгенін келтірді.

Бас хатшының орынбасары ауыл шаруашылығы өнімінің әрі қарай өсуі жолымен азық-түлік қауіпсіздігін нығайтып, сондай-ақ, әсіресе, дамушы елдерде кедейшілік ауқымын азайту мүмкіндігі туатынын мәлімдеді.

Ол халықаралық қоғамдастық бүкіл адамзатқа қауіп төндіріп отырған азық-түлік дағдарысын шешуге толық жауапкершілікпен кірісуі керектігін атады. БҰҰ өкілі кедейлердің тамақ өнімдеріне деген қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ресурстарды жұмылдыруға, сондай-ақ, әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін бұзып отырған проблемаларды сараптамадан өткізуге және оларды шешу, сонымен бірге, болашақта осы секілді дағдарыстардың алдын алу жолдарын табуға шақырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны