24.12.2012, 15:56 4720

"Бурабай" ұлттық паркінің аумағы 130 мың гектарға дейін ұлғайтылған

Бұл жөнінде "Бурабай" МҰТП туризм, рекреация және аумақты абаттандыру бөлімінің бастығы Исем Загупарова мәлім етті.

Көкшетау. 24-желтоқсан. Kazakhstan Today - "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы 2010 жылдан бері 130 мың гектарға дейін ұлғайтылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл жөнінде "Бурабай" МҰТП туризм, рекреация және аумақты абаттандыру бөлімінің бастығы Исем Загупарова мәлім етті.

"Қазақстан халқының, оның ішінде, әсіресе, астаналықтардың табиғи ресурстарды пайдалану арқылы денсаулықты қалпына келтіруге, тиімді демалуға деген сұранысының артуының арқасында "Бурабай" ҰМТП-ның маңызы артып келеді. Ұлттық парктегі демалыстардың арасында экологиялық туризм жоғары басымдылыққа ие. Бүгінде 24 туристік бағыт жұмыс істеп тұр, оның ішінде 17 - жаяу туризм, 4 - автобуспен саяхат, сондай-ақ велосипедпен серуендеу, салт атты, суда жүзу сынды туристік бағыттар бар", - деді бөлім бастығы.

Ол Щучье-Бурабай курорттық аймағының тиімді туристік имиджін қалыптастыру үшін осы бағыттағы инфрақұрылымның маңызы зор екенін айтты.

"Туризмнің инфрақұрылымын жаңғырту және абаттандыру Щучье-Бурабай курорттық аймағының тиімді туристік имиджін қалыптастырудың басымды бағыттарының бірі болып табылады. Осы бағытта жасалған жұмыстардың қатарында ҚР Президенті Іс басқармасының қолдауымен Марал өсіру шаруашылығы бойынша нысандардың салынуын, Бурабай көлінің жағасында ұзындығы 9,3 км болатын жаяу жүргінші жолының жарықтандырылуын атап өтуге болады", - деді И.Загупарова.

Оның айтуынша, 2010 жылы "Бурабай" МҰТБ аумағын кеңейту жұмыстары жүргізілген.

"2010 жылы "Бұланды" орман шаруашылығы мен Ақмола облысы су қорының жерлерін қосу арқылы "Бурабай" МҰТП аумағы кеңейтілді. Сөйтіп, ұлттық парктің аумағы 83 мың гектардан 130 мың гектарға дейін жетті", - деді И.Загупарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны