18.06.2018, 22:20 4861

Бурабайда Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасын салтанатты бастау рәсімі өтеді

Жобаныӊ басты мақсаты - қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардыӊ ортақ мәдени кодыныӊ, біртұтас құндылықтарыныӊ және жалпыұлттық тарихи санасыныӊ негізінде халықтыӊ бірлігін нығайту.

Астана. 18 маусым. Kazakhstan Today - 2018 жылғы 19 маусым күні Бурабай курорттық кентінде (Абылайхан алаӊы) қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий шеӊберінде Қазақстан Халқы ассамблеясыныӊ XXVI сессиясында бастамашылық жасалған ҚХА-ныӊ "Қазақтану" ғылыми-ағартушылық жобасын салтанатты бастау рәсімі өтті.

"Қазақтану" жобасы Қазақстан этностарыныӊ арасында қазақ халқыныӊ тарихын, дәстүрлерін, гуманитарлық және адамгершілік принциптерін дәріптеуге бағытталған.

Жобаныӊ басты мақсаты - қай этносқа жататынына қарамастан, барша қазақстандықтардыӊ ортақ мәдени кодыныӊ, біртұтас құндылықтарыныӊ және жалпыұлттық тарихи санасыныӊ негізінде халықтыӊ бірлігін нығайту.

Іс-шараға ҚХА Төрағасыныӊ орынбасары - Хатшылық меӊгерушісі Л.А.Прокопенко, Ақмола облысы әкімініӊ орынбасарыА.Е.Мүсірәлімова, "Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығыныӊ басшысы, т.ғ.к. Б.Б.Ибдіғалиев, Мемлекет тарихы институтыныӊ директоры, т.ғ.д., профессор Б.Аяған,сондай-ақ, еліміздегі жетекші институттардыӊ ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеӊесініӊ,этномәдени бірлестіктердіӊ мүшелері, мемлекеттік органдар, республикалық жастар бірлестіктері, жоғары оқу орындары, Қоғамдық келісім кеӊестері, Аналар кеӊестері, және ҚХА кафедраларыныӊ өкілдері қатысады.

Сағат 14.00-де "Бурабай" шипажайыныӊ акт залында "Қазақтану" жобасыныӊ тұсаукесері өтеді. "Қазақстанныӊ қасиетті географиясы", "Жидебайдыӊ жұлдызды даласы", "Шығыстыӊ рухани керуені", "Қазақ тілініӊ ұлттық корпусы", "Ақмола облысыныӊ тарихи топонимикасы", "Рухани жаӊғыру шеӊберіндегі Қазақтану мәселесі", "Қазақстантану және қазақтану: ұғымдардыӊ арақатынасы", "QazanNan-ныӊ рухани және интеграциялаушы күші" тақырыптары бойынша баяндамалар оқылады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, іс-шара шеӊберінде "Жер тарихы - ел тарихы" экспедициясы мен "Тауларды аласартпай, даланы асқақтатайық" жобасыныӊ басталу рәсімі өтеді.

Іс-шаралар 19-21 маусым күндері Көкшетау, Щучинск, Зеренді қалаларында өтеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны