03.10.2017, 16:58 4786

Бурабайда туризмді дамыту мәселелері талқыланды

Жиында аймақ басшысы қатысушыларды Щучъе-Бурабай курорттық аймағын дамыту кешендi жоспары аясында iске асырылатын 3-шi кезеӊ жобаларымен таныстырды. Ол бойынша курортық аймақта құны 63 млрд. теӊге болатын 35 iс-шара жүзеге асырылады. Алдымен инфрақұрылым мен инженерлiк жүйелер құрылысыныӊ жобалары iске асырылып, кезеӊ-кезеӊiмен мәдени, спорттық-сауықтыру нысандары бой көтередi.

Көкшетау. 3 қазан. Kazakhstan Today - Ақмола облысыныӊ әкімі Мәлік Мырзалин Бурабайда Щучъе-Бурабай курорттық аймағын одан әрi дамыту мәселелерiне арналған жиын өткiздi. Оған туристiк компаниялардыӊ, қонақ-үй кешендерiнiӊ, "Көкшетау минералды су" АҚ басшылары мен туризм саласыныӊ сарапшылары қатысы.

Жиында аймақ басшысы қатысушыларды Щучъе-Бурабай курорттық аймағын дамыту кешендi жоспары аясында iске асырылатын 3-шi кезеӊ жобаларымен таныстырды. Ол бойынша курортық аймақта құны 63 млрд. теӊге болатын 35 iс-шара жүзеге асырылады. Алдымен инфрақұрылым мен инженерлiк жүйелер құрылысыныӊ жобалары iске асырылып, кезеӊ-кезеӊiмен мәдени, спорттық-сауықтыру нысандары бой көтередi.

Курорттық аймақты дамыту мақсатында қолға алынатын жұмыстар туралы таратып айтқан облыс әкiмi, Бурабайда тау-шаӊғы курортыныӊ құрылысы басталатынын айтты. Бүгiнгi күнi бұл жобаны итальяндық "Dolomiti Superski" компаниясы жасап жатыр. Сонымен қатар, өӊiр басшысы жол бойындағы қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ бiрлесiп жүргiзiп жатқан жұмыстармен таныстырды. "Астана-Бурабай" трассасы бойында алдағы туристiк мауысымға дейiн, 4 модульдiк павильон салынады, оныӊ екеуi ЩБКА аумағында орналастырылады. Мұнымен қоса, облыс әкiмi Бурабай аумағында жеке инвесторлар арқылы "аквопарк" салу жобасы қарастырылып жатқанын және "Қазақстанныӊ киелi орындары" жобасы аясында "Ботай" мәдениетi жаӊғыртылатынын жеткiздi.

"Жалпы бiздiӊ негiзгi мақсатымыз Бурабайды жыл бойғы туристiк орталыққа айналдыру. Ол үшiн бар мүмкiндiктi қолдану керек, оған әлеуетiмiз жетедi" ,- дедi М. Мырзалин.

Өз кезегiнде "Бурабай даму" ЖШС бас директоры Ғ. Ибдiхалықов ЩБКА жүйелi даму жоспары аясында Үлкен Шабақты көлi мен Текекөл ауданы аумағындағы 233 гектар жердi игеру жұмыстарныӊ барысымен таныстырды. Оныӊ айтуынша, аталған 233 гектар аумақты игеру жоспары ағымдағы жылдыӊ 15-шi қарашасында дайын болады. Бұл жобаны iске асыру үшiн әлемдегi 70 курорттық орталықтыӊ жобасын iске асырған испандық "THR" компаниясы тартылған.

Мұнымен қатар, Ғ. Ибдiхалықов "Абылай-хан" алаӊы жобасын одан әрi дамыту мақсатында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында "Батыр бабалар" мемориалдық - кешенi салынатынын жеткiздi.

Диалог барасында қатысушылар Бурабайдыӊ туристiк әлеуетiн арттыру мақсатында жаӊа идеяларымен де бөлiстi. Мәселен, "Көкшетау минералды су" АҚ бас директоры М. Ахметов аймақ басшысына кәсiпорын шығаратын су түрлi дерттерден емдеуге, яғни шипалы су ретiнде пайдалануға болатынын айтты.

"Бiз осы жұмыс iстеп тұрған демалыс үйлерi базасында шипалы сумен емдеу бойынша өз қызметiмiздi ұсынамыз. Бұл емдеу әдiсi дүниежүзiндегi танымал курорттардан еш кем түспейдi. Бiздiӊ курорт үшiн арнайы шығарылған судыӊ құрамында минералдардыӊ 18 түрi кездеседi, бұл "Боржоми" сияқты танымал брэнд сулардан үш есеге артық.,- дедi "Көкшетау минералды су" АҚ бас директоры М. Ахметов

Облыс әкiмiмен құрылған диалог барысында туристiк сала өкiлдерiне, сала мамандары медициналық қызмет көрсету мақсатында алынатын лицензияға қатысты кеӊестер берiп, отельдер басшыларына "жұлдызды" алу тәртiбi түсiндiрiлдi.

"А1" компаниясыныӊ басшысы Г. Байқошқарова түрлi мерекелiк iс-шаралар ұйымдастыру арқылы күз, көктем және қыс мезгiлдерiнде туристердi тарту жолдарын айтып бердi.

Кездесу барысында аймақ басшысы жеке компания өкiлдерiнiӊ түйiткiлдi сұрақтарына жауап берiп, туризм саласына жауапты мамандарға осындай жиналыстарды дәстүрлi түрде өткiзiп тұруды тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны