21.02.2012, 10:27 3507

"Burabay Lakes Resort Hotel" кешені 2012 жылдың күзінде пайдалануға беріледі

Туристік орталықтың құрылысы кезінде 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ, ал орталық пайдалануға берілгеннен кейін 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Астана. 21-ақпан. Kazakhstan Today - "Burabay Lakes Resort Hotel" кешені 2012 жылдың күзінде пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы АстанадаҮкімет отырысында Индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев мәлім етті.

"Жобаны іске асыру 12 жылға негізделген және онда құрылыс бойынша 7 кезең қарастырылып отыр. Қазіргі кезде "Burabay Lakes Resort Hotel" кешенінің бірінші кезеңі іске асырылуда, оның ішінде 420 орынға арналған қонақ үй, сауықтыру орталығының құрылыстары қамтылған. Құрылыс алаңы 3 гектар. Жобаның алдын ала құны 90 млн. АҚШ долларын құрап отыр. Қазіргі кезде Қазақстанның Даму банкі несиелік желіні ашты, құрылыс жүріп жатыр, 45 пайызы дайын. Бірінші кезеңдегі нысандарды тапсыру биылғы жылдың күзіне белгіленіп отыр",-деді И.Исекешев.

Министрдің сөзіне қарағанда, туристік орталықтың құрылысы кезінде 5 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ, ал орталық пайдалануға берілгеннен кейін 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны