22.05.2013, 14:47 8811

Бұрынғы әкімнің туған жерінде тұтқындау жалғасуда

Арнайы топтың міндеті елді мекенде жасалған экономикалық әрі қылмыстық жайттардың ақ-қарасын анықтау болатын. Мақат - мемлекетаралық іздеуде жүрген бұрынғы облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің және оның ағасы Аманжан Рысқалиевтің туған жері. Бұған дейін қаржы полициясы оларды ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деп айыптаған.

Атырау. 22-мамыр. Kazakhstan Today - Атырау облысының Мақат кентінде ҰҚК, ІІД және қаржы полициясы қызметкерлерінен құрылған арнайы ведомствоаралық топ өз жұмысын жалғастыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Арнайы топтың міндеті елді мекенде жасалған экономикалық әрі қылмыстық жайттардың ақ-қарасын анықтау болатын. Мақат - мемлекетаралық іздеуде жүрген бұрынғы облыс әкімі Бергей Рысқалиевтің және оның ағасы Аманжан Рысқалиевтің туған жері. Бұған дейін қаржы полициясы оларды ұйымдасқан қылмыстық топты құрды деп айыптаған. Соңғы жылдары Мақат кентінде тіркелген қылмыстар саны аз емес, оның ішінде адам өлімі де бар. Бірнеше тұрғын ізім-ғайым жоғалып кеткен. Арнайы топ заңсыз тоқтатылған ауыр және аса ауыр қылмыстық істерді тергеу мақсатында Мақатқа бет бұрған.

Дүйсенбі күні хабарлағанымыздай, ауыр қылмыстарға қатысы болуы мүмкін күдіктілерді тұтқындау кезінде біреуі қашуға әрекеттенген және аяғынан жарақаттанған. Ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында қылмыстарға күдікті бірнеше адам ұсталды

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны