07.05.2010, 12:26 3124

Бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі 10 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға айдау жазасына кесілді (толықтырылған)

Бұрынғы төтенше жағдайлар вице-министрі 10 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға айдау жазасына кесілді (толықтырылған)

Астана. 7 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Астананың қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында судья Ерлан Ермеков бұрынғы ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалинге қатысты сот үкімін жария етті, оған сәйкес бұрынғы вице-министр 10 жылға қатаң тәртіптегі абақтыға айдау жазасын жүктеді.

Еске сала кетейік, Абылай Сабдалинге қатысты іс бойынша бірінші сот тыңдаулары 15 ақпанда басталды.

Сот мәжілісі барысында мемлекеттік айыптаушы Ахметжанов бұрынғы вице-министрге тағылған айыпты оқып берді. Оның айтуынша, Абылай Сабдалинге лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану және пара беру жөнінде айып тағылып отыр.

Мемлекеттік айыптаушының мәліметінше, оған қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде - 30 мың доллар - пара беруді ұйымдастырды және екі телескоптық көтергіштің жеткізілімі бойынша мемлекеттік сатып алуды іске асыруда лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдаланды деген айыптар тағылған.

Ал сотта Абылай Сабдалин : "мен өзіме тағылған айыптарды мойындамаймын, менде кінә жоқ",- деп мәлімдеді.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі Дәмежан Есенбековаға сілтеме жасап.

"Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде қаржы полициясы қызметкеріне аса ірі көлемде - 45 мың доллар - пара беруді ұйымдастырды деген күдікпен ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Абылай Сабдалин қамауға алынды. Сабдалин параны тергеу алдындағы тексерулердің материалдары бойынша шара қолданбау үшін ұсынған", - деді Д. Есенбекова.

"2 қазанда Сабдалинге аса ірі көлемде пара беруді ұйымдастырды деген айып тағылып, Астана қалалық Сарыарқа аудандық соты оны қамауға алуға санкция берді. Белгілі болғанындай, Сабдалин параны қаржы полициясы қызметкеріне Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті анықтаған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 2 млрд астам теңгені мақсатсыз пайдалану дерегі бойынша тергеу алдындағы тексеруде оң шешім шығарту үшін беріп жіберген", - деді М. Жұманбай.

"Делдал рөлін ТЖМ-нің бір департаментінің директоры атқарған, ол 30 мың доллар көлеміндегі параны беріп жатқан кезде ұсталды, бұдан кейін ол қылмыстық іздестіру органдарымен ынтымақтасуға көшті. Делдал Сабдалинге параны бергенін хабарлап, одан қаржы полициясы қызметкерлеріне беретін қалған 15 мың доллар қаржыны алған", - деді М. Жұманбай.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны