16.10.2007, 17:55 3041

БҰҰ Даму бағдарламасы мен Шығыс Қазақстан облысының билік органдарының арасындағы меморандумға қол қойылды

БҰҰ Даму бағдарламасы мен Шығыс Қазақстан облысының билік органдарының арасындағы меморандумға қол қойылды.

Өскемен. 16-қазан. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Даму бағдарламасы мен Шығыс Қазақстан облысының билік органдарының арасындағы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов Біріккен Ұлттар Ұйымының үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Хаолянь Шумен кездескен. Олар мемлекеттік әкімшілік әлеуеттілігін көтеру, демократиялық институттарды күшейту және азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі үшжақты ынтымақтастықты қарастыратын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Ж. Кәрібжанов, "қол қойылған құжат өз тұрғысынан эксклюзивті болып табылады", деп атап көрсетті. "Қазақстанда бірінші болып Шығыс Қазақстан облысының билік органдары осындай өкілетті халықаралық ұйыммен меморандумға қол қойды,- деп түсіндіріп өтті аймақ басшысы.

Облыс әкімімен әңгімелесу барысында Х. Шу өзінің Шығыс Қазақстанға келуі кездейсоқтық емес екендігін атап өтті. "Облыс Қазақстандағы жоғарғы өнеркәсіптік әлеуетті, ең дамыған облыстардың бірі",- деді ол.

Ж. Кәрібжанов өз кезегінде, Қазақстанның дүниежүзінің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарына кіруі аясында шығыс аймақтар жалпы құны 6,7 млрд АҚШ долларын құрайтын 44 "озық" жобалар ұсынғандығын, олардың жартысы жуық арада басталатындығын атап өтті. Облыс әкімі сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының төрағасын облыстың өнеркәсіптік қалаларындағы экологиялық ахуалына аса назар аудара отырып, облыстағы проблемалар туралы, сондай-ақ Семей ядролық полигонына қатысты мәселелер туралы хабардар еткен. Ж. Кәрібжанов "Семей полигонындағы ядролық сынақтардың салдарын жоюға қатысты проблемаларды шешуде Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының қолдауын табатындығына" үмітін білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны