23.10.2009, 14:49 2865

БҰҰ Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруға шамамен 50 млн доллар жұмсауды жоспарлауда

БҰҰ Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруға шамамен 50 млн доллар жұмсауды жоспарлауда

Астана. 23 қазан. Kazakhstan Today - БҰҰ Қазақстанда өз жобаларын жүзеге асыруға шамамен 50 млн доллар жұмсауды жоспарлауда. Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ үйлестіруші-резиденті Хаолянь Шу бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз 50 млн доллар көлемінде жоспарлап отырмыз, бұл 6 жылға есептегенде жылына шамамен $12 млн тең. Бірақ біз тағы да қосымша ресуртарды тартамыз, және Қазақстан үкіметі мен БҰҰ-ның жаңа форматта жұмыс істегені маңызды. Бұл тең серіктестік әрі тең қаржыландыруды білдіреді", - деді Хаолянь Шу.

Сондай-ақ, оның хабарлауынша, БҰҰ-ның Қазақстандағы бес жылдағы жұмсаған қаражатының көлемі $58 млн құрады, ал жоспарланғаны $33 млн болған және олардың басым бөлігі қоршаған ортаны қорғау және тұрақты дамуды қолдау бағытында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны