14.05.2008, 12:09 4790

БҰҰ Қытай Халық Республикасында болған зілзала зардабын жоюға көмек көрсетуге дайын

БҰҰ Қытай Халық Республикасында болған зілзала зардабын жоюға көмек көрсетуге дайын

Алматы. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Қытай Халық Республикасында болған зілзала зардабын жоюға көмек көрсетуге дайын, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

БҰҰ Қытай билік өкілдеріне зілзала зардабын шеккендерге гуманитарлық көмек көрсетіп, зілзала зардабын жоюға дайын екендіктерін мәлім етті.

БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасы төтенше жағдайға баға беріп, жұмысты үйлестіретін топ құрды. Олар Қытайға кез келген уақытта қол ұшын беріп, қосымша көмек көрсететін болады.

Сонымен қатар, басқармадағылар Қытайға қоршаған орта мәселесі жөніндегі сарапшыларды жіберу мүмкіндігінің барын мәлімдеді. Мұндай шешім зілзала кезінде екі химиялық зауыттың зақымданғаны жөнінде мәлімет келіп түскеннен кейін қабылданды. БҰҰ мамандары Қытай билік өкілдеріне экологиялық зардаптардың шығынын анықтауға көмек көрсетеді.

Естеріңізге сала кетсек, Сычуань провинциясындағы Вэньчуань уезінде дүйсенбі күні болған жер сілкінісінің күші Рихтер өлшемімен 7,8 баллға жетті. Соңғы мәліметтер бойынша 11 мың адам зілзала құрбаны болды. Қатты жер сілкінісі Пекинде де байқалған. Онда жер сілкінісінің күші 3,9 баллға жеткен. Жер сілкінісі сондай-ақ, Шанхай, Чжэнчжоу, Гонконг, Бангкок пен Ханой қалаларында да сезілген.

Зілзала салдарынан екі химиялық зауыт жарылып, Сычуанның елді-мекендері үстінен құрамында 80 тонна аммиагы бар улы бұлт пайда болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны