01.07.2008, 14:10 1360

БҰҰ Орталық Азия республикаларына су-энергетикалық проблемаларды реттеуге жәрдемдеседі

БҰҰ Орталық Азия республикаларына су-энергетикалық проблемаларды реттеуге жәрдемдеседі

Бішкек. 1 шілде. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Орталық Азия республикаларына су-энергетикалық проблемаларды реттеуге жәрдемдеседі. Бұл туралы Қырғызстан үкімет басшысы Игорь Чудиновпен кездесу барысында БҰҰ бас хатшысының арнаулы өкілі әрі Орталық Азиядағы нысаналы дипломатия жөніндегі өңірлік орталықтың басшысы Мирослав Енча мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сұхбаттың басты тақырыбы - су ресурстарын тиімді әрі өзара пайдалы қолдану, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Орталық Азиядағы қауіп-қатерлердің алдын алу, қалдық қоймаларының тауқыметтері тағы басқа да мәселелер болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны