10.10.2007, 16:04 3968

БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясын орындау аясындағы ұлттық комиссиялар мемлекеттік және қоғамдық болуға тиіс - Жовтис

БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясын орындау аясындағы ұлттық комиссиялар мемлекеттік және қоғамдық болуға тиіс.

Астана. 10 қазан. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясының факультативтік хаттамасын бекіткеннен кейін Қазақстанда құрылатын ұлттық комиссиялар мемлекеттік және қоғамдық болуға тиіс. Бүгін "Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пактіге қосымша факультативтік хаттамаларды Қазақстан Республикасында бекіту" атты "дөңгелек үстел" барысындағы үзілісте журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның Адам құқықтары және заңдылықтың сақталуы жөніндегі халықаралық бюросының директоры Евгений Жовтис осындай пікір білдірді.

"Президент қол қойған Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасын парламент бекіткеннен кейін біздің еліміз өзіне ұлттық превентивті тетіктерді құру жөніндегі міндеттемені жүктеп алады", - деді Е. Жовтис.

"Халықаралық құқық саласында азаптау деректерін мемлекеттік мекемелер дәлелдеуге тиіс. Басқаша айтқанда, қазір елімізде қалыптасқандай, сот-медициналық сараптама актісі болуға немесе бетіңіз бен денеңізде азаптау белгілері болуын алға тарта отырып, өзіңіздің азаптауға душар болғаныңызды сіздің өзіңіз емес, анықтау органдары дәлелдеуге, немесе, азаптау деректерінің болмағандығын дәлелдеуге тиіс", - деді ол.

"Сол себепті осы хаттаманы бекіткеннен кейін аталған тетіктерді құру мемлекеттің міндеті болып табылады. Және біз комиссиялардың қандайбір мемлекеттік органның қарамағында ғана болмағаны үшін, сондай-ақ, олардың кез-келген өтінішті, немесе, полиция бөлімшесінде, тергеу абақтысында немесе бас бостандығынан айыру орындарында, яғни, түзету мекемелерінде отырған адамның кез-келген шағымын тексере алу мүмкіндігінің болуы үшін олардың мемлекеттік және қоғамдық болып құрылғанын талап ететін боламыз", - деді құқық қорғаушы.

Е. Жовтистің пайымдауынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Бас ассамблеясының қыркүйектің аяғында өткен 62-ші сессиясына қатысу аясында БҰҰ-ның азаптауға қарсы Конвенциясының факультативтік хаттамалары мен Азаптау және басқа да адамның қадір-қасиетін түсіретін қатігез жазаларды қолдану мен адамшылықтан жат қарым-қатынастарға қарсы Конвенциясына қол қоюы "мемлекет тарапына жасалған маңызды қадам болып табылады". Сонымен бірге құқық қорғаушы Қазақстан Негізгі құқықтар мен бостандықтар жөніндегі Еуропалық конвенция мен "оған қосымша екінші хаттаманы" бекітуге тиіс, бұл республика азаматтарына адам құқықтары жөніндегі Страсбург сотына жүгінуге мүмкіндік береді.

"Меніңше, біз енді мәселені аяқсыз тастауға тиіс емеспіз: Қазақстан азаматтарының Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сотқа шағымдана алу мүмкіндігі еліміздің Еуропалық кеңеске мүше болуына тікелей байланысты емес. Қазақстан азаматы осындай құқыққа ие болу үшін мемлекетіміз Негізгі құқықтар мен бостандықтар жөніндегі Еуропалық конвенция мен оған қосымша екінші хаттаманы бекітсе жеткілікті. Өйткені, Еуропалық соттың юрисдикциясы осы құжаттармен айқындалады", - деді Е. Жовтис. "Бұл Қазақстан азаматтарының құқықтарының қорғалуына берілетін кепілдікті біршама күшейте түседі, өйткені, БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитеті мен адам құқықтары жөніндегі комитетінің нұсқамалық сипаттағы және көбінесе моральдық-саяси күшке ие шешімдерімен салыстырғанда, Страсбург сотының шешімдері заңдық тұрғыда міндетті орындалуға тиіс шешімдерге жатады", - деді ол.

Қазақстандық құқық қорғаушының мәліметтерінше, Ресей өз азаматтарының Адам құқықтары жөніндегі еуропалық сотқа берген шағымдары бойынша қаралған 110 істен 101-інде жеңіліс тапқан. "Бұл Cтрасбург соты қандайбір елдегі әділеттілік орнату жағдайын жақсартуға жасалған анағұрлым тиімді құрал екенін көрсетеді, сол себепті мен Қазақстандағы билікті осы хаттамаларды бекіткеннен кейін де ілгерілей түсуге шақырар едім", - деді Е. Жовтис.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны