15.01.2021, 15:49 14725

БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын тексеру бойынша жаңа сервисті іске қосты

Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді.
Нұр-Сұлтан. 15 қаңтар. Kazakhstan Today - Зейнетақы жинақтарын SMS арқылы тексеру бойынша БЖЗҚ-ның жаңа қызметі іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "БЖЗҚ" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Салымшыларға ыңғайлы болу үшін БЖЗҚ тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделуге ақы төлеу, сондай-ақ, жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға беру үшін қолжетімді зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алуға болатын жаңа қосымша сервисті іске қосты.
 
Ол үшін cabinet.enpf.kz/porog порталына өтіп, mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөміріне SMS арқылы келіп түсетін бір реттік пароль арқылы авторлану қажет.
 
Бір реттік пароль арқылы авторлану үшін бар-жоғы бірнеше қадам жасау керек:
 
  •  өзіңіздің ЖСН және ұялы телефон нөміріңізді енгізіңіз;
 
  •  дербес деректеріңізді жинауға және өңдеуге өз келісіміңізді беріңіз;
 
  •  "Кодты жіберу" батырмасын басыңыз;
 
  •  алынған алты таңбалы кодты ұялы телефоннан енгізіңіз.
 

Бұл қосымша сервис салымшылар үшін өте ыңғайлы, себебі, ол жеткіліктілік шегін ЭЦҚ-сыз және БЖЗҚ бөлімшелеріне бармай-ақ білуге мүмкіндік береді. Жаңа сервис мемлекеттік органдар айқындайтын ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі талаптарға толық сәйкес келеді", - деп атап өтті қорда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны