27.01.2015, 20:38 4770

БЖЗҚ-ныӊ стратегиялық басымдықтары айқындалды.

Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры - бұл еліміздіӊ бүкіл еӊбек етуші халқы қатысатын, есеп беру, ашық қызмет, этикалық тәртіп, мүдделі тараптардыӊ мүдделеріне құрмет көрсету, заӊды басшылыққа алу және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын берік ұстанатын әлеуметтік жауапкершілікті ұйым

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры - бұл еліміздіӊ бүкіл еӊбек етуші халқы қатысатын, есеп беру, ашық қызмет, этикалық тәртіп, мүдделі тараптардыӊ мүдделеріне құрмет көрсету, заӊды басшылыққа алу және адам құқықтарын сақтау қағидаттарын берік ұстанатын әлеуметтік жауапкершілікті ұйым, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

2014 жылғы 20 қараша күні БЖЗҚ-ныӊ Директорлар кеӊесі Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ 2015-2019 жылдарға корпоративтік даму стратегиясын бекітті. Бекітілген стратегия аясында Қордыӊ алдағы бес жылдыққа арналған негізгі мақсаттары мен міндеттері айқындалды. Онда көрсетілетін қызметтер сапасын салымшыларға (алушыларға) дербес қызмет көрсету жүйесін дамыту есебінен халықаралық стандарттар деӊгейіне дейін өсіру, қордыӊ электрондық қызметтер желісін одан әрі кеӊейту, сондай-ақ халықтыӊ қаржылық сауаттылығын арттыру басымдыққа ие болды.

Ағымдағы жылдыӊ 1 қаӊтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларыныӊ (алушыларыныӊ) жеке зейнетақы шоттарыныӊ (ЖЗШ) саны шарттардыӊ барлық түрлері бойынша 9 959 267 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы сомасы 4,5 трлн. теӊгеден асып түсті. БЖЗҚ-ныӊ 2014 жылы алынған және салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жеке зейнетақы шоттарына бөлінген инвестициялық табысы 183,96 млрд. теӊгені құрады.

Қазақстандықтардыӊ зейнетақы жинақтары 2014 жылы барлығы 784,4 млрд. теӊгеге өсті, соныӊ ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі (ЖЗЖ) бойынша салымшылардыӊ (алушылардыӊ) ЖЗШ-на бөлінген инвестициялық табыстыӊ жалпы сомасы 234,4 млрд. теӊге мөлшерінде болды.

БЖЗҚ зейнетақы активтерініӊ 2014 жылғы табыстылығыныӊ жылдық көрсеткіші 6,31% құрады, ол ЖЗЖ бойынша 2013 жылғы 4,8 % жылдық көрсеткіштен айтарлықтай асып түседі.

2014 жылдыӊ 12 айы ішінде БЖЗҚ-дан берілген зейнетақы төлемдерініӊ сомасы 93,04 млрд. теӊгені құрады, оныӊ ішінде сақтандыру ұйымдарына аударылған сомалардыӊ мөлшері 13,6 млрд. теӊгені құрады.

Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша шартқа отыру жұмыстары әлі де жалғасуда. Жыл бойына алушылардыӊ осы санаты үшін 348 889 ЖЗШ ашылды. Осындай ЖЗШ-лар бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ жалпы сомасы 26,3 млрд. теӊгені құрады.

Өӊірлік желі

Салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ өӊірлік бөлімшелеріне тікелей келіп өтініш жасауы - қызметтерге қол жеткізудіӊ әлі де бірден-бір кеӊ тараған әдісі. БЖЗҚ-ныӊ өӊірлердегі кеӊселерініӊ саны өткізілген зерттеулердіӊ нәтижелеріне негізделген. Қазақстан Республикасы өӊірлерініӊ экономикалық тығыздығы жоғары дәрежелі дифференциациясымен ерекшеленеді, ол қызмет көрсету кеӊселерініӊ аумақтық бөліктерге орналастырылуынан көрініс тапқан. БЖЗҚ қызмет көрсету кеӊселерініӊ жұмыстарына үнемі талдау жасап отырады, салымшылардыӊ (алушылардыӊ) жасаған өтініштерініӊ саны бойынша тарихи деректерді талқылап отырады, сондай-ақ Қордыӊ қызмет көрсету орталықтарыныӊ саны халыққа дұрыс қызмет көрсете алатындай тиімді болуы үшін кеӊселердегі жұмыс көлеміне үнемі шолу жасап отырады.

2015 жылғы 1 қаӊтардағы жағдай бойынша Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қорыныӊ өӊірлік желісі 240 қызмет көрсету кеӊселерінен құралған. Қордыӊ өӊірлік желісіне әрбір облыс орталығында, республикалық маӊызға ие қалаларда (Алматы және Астана), сондай-ақ облыс қарамағындағы ірі қалаларда (Жезқазған, Семей) бір-бірден барлығы 18 филиал кіреді. Филиалдар жанынан 23 бөлімше және 199 қызмет көрсету орталығы ашылды.

2014 жылы БЖЗҚ кеӊселеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселесі бойынша ақпарат алу үшін 3 миллионнан астам адам өтініш жасаған.

2015 жылы Алматы, Астана, Қарағанды және Павлодар қалаларында тағы да 6 қызмет көрсету кеӊсесін ашу жоспарланып отыр.

Салымшыларды хабарландыру

"Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ талаптарын орындау аясында, БЖЗҚ ағымдағы жылдыӊ басында салымшыларды (алушыларды) 2014 жылдыӊ қорытындысы бойынша зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы жыл сайынғы міндетті хабарландыру науқанын бастап кетті. ЖЗШ туралы ақпарат салымшыныӊ (алушыныӊ) зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасқан, жеке зейнетақы шотын ашу туралы өтінішке немесе ақпарат алу тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімге қол қойған кезде өзі таӊдаған әдісі бойынша беріледі.

2015 жылғы 01 қаӊтардағы жағдай бойынша:

өзі келгенде - шамамен 3 миллион адам;

электрондық пошта арқылы - шамамен 300 мыӊ адам;

интернет байланысы арқылы - шамамен 400 мыӊ адам;

пошта арқылы - 3 миллионнан астам адам;

ХҚО-ға өзі келу арқылы - шамамен 150 мыӊ адам зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы ақпарат ала алады

БЖЗҚ онлайн

Қызметтерді іске асыруда қолжетімділігі мен үнемділігі үшін интернет еӊ тиімді де таптырмас әдіс болып есептеледі. Салымшылар үшін бұл Қормен үнемі байланыста болудыӊ еӊ ыӊғайлы тәсілі. Ол уақытыӊызды айтарлықтай үнемдеп, БЖЗҚ қызметі мен өз зейнетақы шотыӊыздыӊ жай-күйі туралы ақпаратты тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күн бойы қордыӊ www.enpf.kz сайты немесе ұялы телефон арқылы алуға мүмкіндік береді. Android және iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс жасайтын смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдік қосымшалары БЖЗҚ мамандарыныӊ өз күшімен әзірленген және салымшылар (алушылар) арасында ерекше сұранысқа ие. Мобильдік қосымша іске қосылғаннан бастап 2015 жылғы 1 қаӊтарға дейін 27 000 астам жүктеу жасалған.

Бұл қосымшаны өз ЖЗШ-ныӊ жай-күйі туралы ақпаратты интернет арқылы алуды таӊдаған салымшылар (алушылар) пайдалана алады. Оны қуаттау үшін салымшыныӊ "БЖЗҚ" АҚ сайтына кіру үшін пайдаланатын логині мен паролі қолданылады. Интернет арқылы ақпарат алу тәсілін таӊдау үшін қордыӊ кез-келген бөлімшесіне бір рет келіп, ақпарат алу тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісімге отыру қажет. Мұны өзіӊіз арнайы келіп жасауыӊыз керек, себебі зейнетақы жинақтарыӊыз туралы ақпараттыӊ құпиялылығы сақталуы керек.

БЖЗҚ-ныӊ жаӊа қызметтері туралы

2014 жылы БЖЗҚ қызметтерініӊ e-Gov электрондық үкіметі порталы және ХҚО-лар арқылы қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында Қор өзініӊ "БЖЗҚ" АҚ салымшыларын/алушыларын зейнетақы жинақтарыныӊ жай-күйі туралы (инвестициялық табыс есебімен) хабарландыру қызметін Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу мәселесін мемлекеттік органдармен келісімдеп, ҚР Үкіметіне бекітуге берді. БЖЗҚ-ныӊ хабарландыру жөніндегі қызметі e-Gov порталы мен Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болмақ. 2014 жылғы мамыр айында БЖЗҚ-ныӊ ақпараттық жүйелерін ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасыныӊ аумағында қабылданған ИСО/МЭК 27001:2005 (ҚР СТ ИСО/МЭК 27001:2008) стандартына сәйкестікке өкілетті ұйымдардыӊ аттестациялауы бойынша үдерісті бастау үшін құжаттар пакеті дайындалды, ол қордыӊ ақпараттық жүйесін Қазақстан Республикасыныӊ электрондық үкімет порталына (e-Gov) қосу құқығын береді. Қазақстан Республикасыныӊ байланыс және ақпараттандыру жөніндегі агенттігі өткізген тексеру нәтижесі бойынша Қорға "БЖЗҚ" АҚ ақпараттық жүйелерініӊ ақпараттық қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасыныӊ аумағында қабылданған стандартқа сәйкестігі туралы №105.2014.066 аттестат берілді. Бұл Қордыӊ ақпараттық жүйесініӊ ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарға сәйкесетіндігін растайды. Қазіргі уақытта осы қызметті Мемлекеттік қызметтер тізіліміне қосу жөніндегі қызметтер аяқталу сатысында.

Илеуметтік желілер

Facebook, Twitter, Вконтакте және МойМир сияқты ірі әлеуметтік желілерде "БЖЗҚ" АҚ-ныӊ ресми парақшалары ашылған. Илеуметтік желілердегі Қор жазылушыларыныӊ жиынтық саны 4 мыӊнан асады. БЖЗҚ-ныӊ парақшасын күніне орта есеппен 1500 адамға дейін қарайды.

Зейнетақы заӊнамасына сәйкес, "БЖЗҚ" АҚ міндетті, міндетті кәсіптік және ерікті зейнетақы жарналарын тартумен айналысады; зейнетақы жинақтарын төлеуді және зейнетақы активтері мен инвестициялық портфельді есептеуді жүзеге асырады. Бірыӊғай жинақтаушы зейнетақы қоры зейнетақымен қамсыздандыру туралы барлық шарттар бойынша құқық мирасқоры болып табылады және бұған дейін жеке жинақтаушы зейнетақы қорларына бөлініп кеткен барлық зейнетақы активтерін жинақтайды. Зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊына сәйкес, ҚР Ұлттық Банкі жүзеге асырады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны