18.06.2012, 11:29 2664

"Cambridge" университеті мен Зияткерлік мектептер 2 білім беру жобасын жүзеге асыруда

"Cambridge" университеті мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің білім беруді дамыту жөніндегі директоры Тристан Стоби.

Астана. 18-маусым. Kazakhstan Today - "Cambridge" университеті мен Зияткерлік мектептер 2 білім беру жобасын жүзеге асыруда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Cambridge" университеті мен "Назарбаев Зияткерлік мектептері" бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыруда, деп хабарлады Pm.kz сайтына берген арнайы сұхбатында Кембридж университетінің Халықаралық емтихан кеңесінің білім беруді дамыту жөніндегі директоры Тристан Стоби.

"Қазір біз өзара байланысқан екі негізгі жобамен жұмыс істеудеміз. Бұлар - білім берудің ықпалдасқан бағдарламалар жобасы және ұстаздарды Педагогикалық шеберлік орталығында оқыту жобасы", - деді Тристан Стоби.

Оның атап өтуінше, бірінші жоба аясында университет алдында болашақта Зияткерлік мектептерде білім беру бағдарламаларының жеке әлеуетін дамыту міндеті тұр. "Біз әлем бойынша көптеген білім беру ведомставолармен жұмыс істейміз, біздің алдымыздағы ендігі міндет осы тәжірибе мен ең үздік стандарттарды Зияткрелік мектептерге енгізу болып табылады", - деп толықтырды Т.Стоби.

Сонымен қатар, екінші жоба бойынша Cambridge Университетінің тәжірибесі ұстаздарды оқыту, біліктілігін арттыру және жаңа тәсілдер мен білім беру стандарттарын үйрету арқылы Қазақстанның барлық білім беру мектептеріне таратылады.

"Қазақстан білім беруді дамыту бойынша маңызды шараларды қолға алуда және бұл үрдіске біз де үлесімізді қосып отырғанымызға қуаныштымыз", - деп түйіндеді өз сөзін Тристан Стоби.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны