02.09.2015, 12:51 4583

"Центр-2015" оқу-жаттығуында тартылатын техниканы тиеу басталды

Қыркүйектіӊ 14-і мен 20-ы аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарына сәйкес "Оймаша" оқу-жаттығу полигоныныӊ базасында екі елдіӊ әскери қызметшілерініӊ қатысуымен "Центр-2015" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді

Астана. 2 Қыркүйек. Kazakhstan Today - Қыркүйектіӊ 14-і мен 20-ы аралығында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясыныӊ қорғаныс министрліктері арасындағы ынтымақтастық жоспарына сәйкес "Оймаша" оқу-жаттығу полигоныныӊ базасында екі елдіӊ әскери қызметшілерініӊ қатысуымен "Центр-2015" стратегиялық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығуға 41433 және 41321 әскери бөлімдерініӊ әскери қызметшілері қатысады. "Батыс" өӊірлік қолбасшылығында оқу-жаттығуға тартылатын және жөнелтілетін техника, яғни, бронетранспортерлар, КАМАЗдар, байланыс бөлімшелерініӊ автомобильдерін тиеу басталып та кетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Өткен аптада Ресей Федерациясыныӊ Псков қаласында Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанныӊ әскери қызметшілері қатысқан "Өзара іс-қимыл-2015" ҰҚШҰ-ныӊ ЖДҰК ауқымды оқу-жаттығуы аяқталғанын естеріӊізге сала кетейік. Бірлескен арнайы операцияларды пысықтаудан басқа, ҚР ҚК әскери қызметшілері РХБҚ қазақстандық батальоныныӊ қару-жарағы мен техникасыныӊ үлгілерін ұсынды. Атап айтқанда, АРС-14 kz арнайы өӊдеу машиналары, қазақстандық өндірістіӊ РАСТ-1 kz, РАСТ-2 kz есептоптық-талдау кешендері, радиациялық-химиялық барлау аспаптары, су жаӊа жеке қорғаныс жиынтықтары.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны