04.04.2008, 18:38 3185

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарау қажет - Қоршаған ортаны қорау министрі

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарау қажет - Қоршаған ортаны қорау министрі

Астана. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қоршаған ортаны қорау министрі Нұрлан Ысқақов "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарауға ерекше көңіл бөлгені жөн деп есептейді. Компанияның бас директоры Ван Чжунцайдың жетекшілік еткен "CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ делегациясымен кездесуі кезінде министр осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлайды.

"Газ тазалау қондырғысының тиімділігін арттыру мен қалдықтарды қайта өңдеуге бағытталған табиғат қорғау шараларының жоспарын қайта қарауға компания айрықша назар аударуы керек", - деп атап көрсетті министр.

"CNPC-Ақтөбемұнайгаз" АҚ жоспарлап отырған мұнай шығару көлемі 2008 жылы 5,7 млн тоннаны құрайды. Ол 2007 жылғы көрсеткіштен 100 мың тонна артық. Сондай-ақ, 1,01 млрд текше метр газ шығару жоспарда бар. Ол былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 127,9 млн текше метрге артық.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны