01.10.2020, 20:53 17673

COVID-19 сырқаттанушылық жағдайы Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақталды - А.Цой

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен вице-министр Ажар Гиният брифинг өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Алматы. 1 қазан. Kazakhstan Today - COVID-19 сырқаттанушылық жағдайы Қазақстанның барлық аймақтарында тұрақталды - А.Цой

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен вице-министр Ажар Гиният брифинг өткізді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы хабарлады.

Осыған байланысты ДСМ инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5- қазаннан бастап шет елдермен рейстердің қайта басталуын тоқтата тұру, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер санын арттырмау, Түркияға рейстер санын азайту жөнінде ұсыныс айтты.

Сонымен бірге, екінші санаттағы елдерден келетін азаматтар үшін келесі талаптар қойылады. Айталық, термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген (3 тәуліктен аспайтын) анықтама міндеттеледі. Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы инфекцияның таралуына жол бермеу үшін қандай шаралар қабылданып жатқандығы туралы да хабарлады. Атап айтқанда, COVID-19 екінші толқыны болуы мүмкін жағдайда, 70 мыңға жуық төсек-орынмен жылдам қамту мүмкіндігі бар, қазір елде 51 мыңға жуық төсек-орын қарастырылған.

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша 11,4 млрд.теңгеге COVID-19 дәрі-дәрмектерінің екі айға жететін қоры қалыптасты. Барлық өңірлерде ең қажетті дәрі-дәрмектерге жалпы сомасы 13 миллиард теңгеге тұрақтандыру қорлары құрылды. Сонымен қатар, амбулаториялық деңгейдегі дәрі-дәрмектер тізімі кеңейтілді, COVID-19 нозологиясы енгізілген оған 5 дәрі-дәрмек кіреді.

Өз кезегінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ЖРВИ мен тұмаумен сырқаттанудың жағдайы туралы айтты. Ол жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының көбеюі жыл сайын күз-қыс кезеңінде байқалатынын атап өтті. Коронавирустық инфекция жағдайында эпидемиялық жағдай ушығуы мүмкін, соған байланысты Министрлік аймақтармен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейінгі кезеңде ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 35,9% өсіп, 2 953 511 жағдайды құрады, биылғы тамызда тіркелгендер саны 30% -ға азайды. Қыркүйек айының 4 аптасында ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 263 775 жағдайды құрады, ал 2019 жылдың қыркүйегінде 378 267 жағдай тіркелді ", - деді А.Ғиният.

Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлеріне өтемақы төлеудің кешігу себебін түсіндірді.

Кәсіби қызметі кезінде коронавирустық инфекциямен немесе пневмониямен ауырған медицина қызметкерлері аймақтық комиссиялардың мәліметтерді жүйесіз енгізуіне байланысты өтемақыларын ала алмаған. Алайда аталған мәселе түбегейлі шешімін тауып, жүйеленген. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Бүгінгі күні 12 830 медицина қызметкері COVID-19 және пневмониямен ауырған, олардың 8 339-ы ауруға қызмет барысында шалдыққан. Қазір өңірлік комиссиялар 8320 -не тексеріс жүргізіп, олардың тек 67% (5597) растады", - деді Цой.

"Пандемия басталғаннан бері Қазақстан 182 медициналық қызметкерінен айырылды. Бүгінгі күні аймақтық комиссиялар қайтыс болған дәрігерлердің туыстарынан өтемақы алу туралы алынған 56 өтінішті мақұлдады. Қазіргі уақытта 36 отбасы өтемақы алып үлгерді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - деп атап өтті министр.

А.Цой: 21 мыңнан астам төсек-орын оттегімен қамтамасыз етілді

Елімізде COVID-19-дың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде 21 мыңнан астам төсек-орын оттегімен қамтылса, қазан айының соңына дейін тағы 9 мыңнан астам төсек-орын пайдалануға беріледі. Еліміздің 11 аймағында облыстық ауруханаларды жабдықтау үшін 132 отандық рентген аппараттарының 53 бірлігі қосымша сатып алынған. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

"Инфекцияның таралуын болдырмау үшін Қазақстан барлық қажетті шараларды қабылдауда. Атап айтқанда, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда елімізде күзгі маусымға дайындықты қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда. Салынып және реконструкцияланып жатқан объектілерді қоса алғанда, науқастарға арналған орын саны 51 126 төсекті құрайды. Алайда қазір 70 мыңнан аса төсек-орынмен жылдам қамту мүмкіндігі бар", - деді министр.

Сондай-ақ, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірқатар жедел шаралар қабылданған. Айталық, коронавирустан үйде ем алу үшін жыл соңына дейін 1 миллион науқасқа ақысыз дәрі-дәрмек беріледі. Алдын ала есептеулер бойынша республикада 2,8 миллион адам немесе жалпы халықтың 15% -ы ақысыз вакцинациядан өтеді.

Өкпенің жасанды желдеткіш аппаратымен қамту мәселесі де күн тәртібінде. Қазіргі уақытта инфекциялық және провизорлық стационарларда 3 379 осындай аппарат бар, қосымша 2 619 бірлік, оның ішінде 1 500 отандық өкпенің жасанды желдеткіш аппараты сатып алынуда.

Брифинг барысында министр жедел медициналық көмек қызметін 2020 жылы 1 167 санитарлық автокөлікпен жабдықтау жоспарланып, оның ішінде 360-ы қосымша сатып алынады деп атап өтті.

Министрдің сөзінше, ауыл халқының медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру 100 жылжымалы медициналық кешен сатып алу есебінен жүзеге асырылатын болады. Оларды өңірлерге жеткізу ағымдағы жылдың қазан айының ортасына жоспарланған.

Айта кетейік, Қазіргі уақытта елімізде коронавирус инфекциясымен аурушаңдық деңгейі тұрақталған. 1 қазандағы жағдай бойынша 107 979 науқас тіркелсе, соңғы тәулікте 71 адам COVID-19 оң нәтижесімен тіркелген. Ем алып жатқандар саны 3 308 болса, айығып шыққандар - 102 937 (95,3%), қайтыс болғандар саны 1 734 адамға жеткен.

Қазақстанда жедел жәрдемге жүктеме төмендеді - А. Ғиният

Ағымдағы жылдың шілде айымен салыстырғанда, қыркүйек айында жедел медициналық жәрдем бригадаларына жүктеме 6 есеге төмендеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

"COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақыруларының саны азайды. Мәселен, шілде айында тәулігіне орташа есеппен 3 мың, тамызда - 1 мың, қыркүйекте - 500-700 қоңырау шалынды ", - деді А. Ғиният

Оның айтуынша, 2020 жылдың 8 айында қоңыраулар саны тұтастай алғанда 7,8% -ға төмендеп, 5 050 472 құрады.

"2020 жылы 807 бірлік жедел жәрдем көлігі сатып алынды, тағы 360 бірлік сатып алынады", - деді вице-министр.

Жалпы, қазіргі кезде жедел жәрдем деңгейінде 1400 бригада жұмыс істейді, оның үштен бірінен астамы ауылдарда. Күніне орта есеппен республикада 17 мың қоңырауға қызмет көрсетіледі, оның 3,6% -ы жоғарғы тыныс жолдарының инфекцияларымен байланысты.

Қазақстанда ЖРВИ тіркеу жағдайларының төмендеуі байқалады

2020 жылдың бірінші жартыжылдығында ЖРВИ-дің тіркелуінің өсуіне қарамастан, тамыз айынан бастап аурудың төмендеуі байқалады, - деді Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Гиният ОКҚ өткен брифингте.

"Өткен жылмен салыстырғанда 2020 жылдың қаңтарынан тамызына дейінгі кезеңде ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 35,9% -ға өсіп, 2 953 511 жағдайды құрады. Ағымдағы жылдың тамыз айында тіркелген аурулардың саны 30% -ға азайды. Қыркүйектің 4 аптасында ЖРВИ-мен тіркелгендер саны 263 775 жағдайды құрады, ал 2019 жылдың қыркүйегінде 378 267 жағдай тіркелген болатын ", - деді А.Ғиният.

Ол жоғарғы тыныс жолдарының вирустық ауруларының көбеюі жыл сайын күзгі-қысқы кезеңде байқалатынын атап өтті. Ал коронавирустық инфекция жағдайында эпидемиялық жағдай нашарлауы мүмкін, сондықтан министрлік аймақтармен дайындық жұмыстарын жүргізуде.

Бірінші кезекте алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы дайындалуда. Бүгінгі күні бүкіл ел бойынша 577 емхана жұмыс істейді, олар 12,3 мың учаскеге қызмет көрсетеді.

"Емханалар медициналық қызметкерлер мен пациенттердің санитарлық талаптарды сақтауы үшін жағдай жасады: олар әлеуметтік қашықтықты сақтау шарты бар лас және таза аймақтарға бөлінеді, медициналық қызметкерлер термометрлермен және ЖҚҚ-мен қамтамасыз етілген, науқастарға арналған санитарлық тазартқыштар орнатылған, қызбаға, жүкті әйелдер үшін бөлек тексеру филтірлері ұйымдастырылған және COVID-19 күдігі бар науқастарға арналған балалар мен карантиндік қондырғылар қарастырылған ", - деді вице-министр.

Амбулаторлық науқастарда тыныс жетіспеушілігін ерте анықтау үшін емханаларға 25,5 мың импульстік оксиметр беріледі, 3640 жылжымалы топ және 550 жедел жәрдем тобы халықтың 4 санатына қызмет ету үшін тәуекел топтарына қызмет етуді жалғастырады.

"Жоспарлы науқастар алдын-ала жазылу арқылы қабылданады, қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетіледі. Барлық емханалар жұмыс істейді және өз жұмысын әдеттегідей жалғастырады ", - деп сендірді А. А.Ғиният.

Оның айтуынша, министрлік өкілдері барлық аймақтарға іссапарлар өткізді, соның нәтижесінде медициналық ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңге дайындығы бағаланды, сонымен қатар әкімдіктермен проблемалық және жүйелік мәселелер бойынша жұмыс жүргізілді. Сонымен қатар, озық тәжірибелер мысалында практикалық семинарлар ұйымдастырылған.

ДСМ министрі А.Цой Халықаралық әуе рейстерін шектеу туралы ұсыныс білдірді

Елімізде 5 қазаннан бастап халықаралық әуе рейстерін шектеу шаралары жүргізілуі керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Елдегі жағдай тұрақты және барлық аймақтар жасыл аймақта болғанына қарамастан министр шет мемлекеттерде коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты бірқатар шектеу шараларының енгізу қажет деп санайды.

"Инфекцияның енуіне және таралуына жол бермеу үшін 5- қазаннан бастап шет елдермен рейстердің қайта басталуын тоқтата тұру, әуе қатынасы қалпына келтірілген елдермен рейстер санын көбейтпеу, Түркияға рейстер санын азайту керек", - деді ол.

Ал екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін келесідей міндетті талаптар қатаң ескерілетін болады. Айталық, термометрия, сауалнама, алынған күнінен бастап 3 тәуліктен аспайтын уақыт аралығында COVID-19-ға тексеру туралы анықтаманың болуы міндеттеледі. Анықтама болмаған жағдайда шетелден келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 3 тәулікке дейін оқшауланады.

"Осыған ұқсас талаптарды ЕАЭО елдерімен және Өзбекстанмен автоөтпе жолдардағы өткізу пункттерінде мемлекеттік шекараны кесіп өтетін адамдарға қолдану ұсынылады", - деді ДСМ министрі.

Осыған байланысты ол облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне карантиндік ауруханалардың шекара бекеттерінде орналасуын және келушілерді тексеруден өткізуді тапсыруды сұрады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны